3 І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық психологиялық негіздері



бет3/11
Дата07.01.2022
өлшемі222,5 Kb.
#20715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет болуына орай өткенімізді саралап, болашағымыз ды дамытуға кеңінен жол ашылды. Тәуелсіз мемлекеттің алдында тұрған ең басты міндет, еліміздің әлеуметтік, экономикасын, мәдениетін көтеру.

Бүгіңгі тәуелсіз мемлекетіміздегі жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан – жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру – отбасының, бала – бақшасының, орта және жоғары білім беру ошақтары мен барша халықтың міндеті. Бұл процестің стратегиялық негіздері Қазақстан Республикасы президенті Н. Ә. Назарбаевтың халықтың жолдауындағы “Қазақстан - 2030” стратегиясында Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында “Білім беру жүйесінің басты мақсаты, ұлттық мәдениетіміз бен халық педагогикасының негіздерінде, әр бір жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау” – деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының

орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алыңған терең білімінің кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

“Білім тұжырымдамасының” 4.3 – бөлімінде І саты – бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар оқудың ұзақтығы 4 жыл. Оқу алты жастан басталады. Бұл жас баланың ақыл – ойының дамуымен әлеуметтік даярлығы үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады. Білім мазмұны шетел тілі мен информатика негіздерін ерте үйрену арқылы байытылатын болады. Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжда қалыптастыруға және оқу қызметін білуге оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге тілдік қарым - қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін - өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез құлқының мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды.

Орта білім беретін мектептердегі негізгі проблемлардың бірі – оқушылардың сабақ үлгермеушілігі болып табылады.

“Білім тұжырымдама” сында айтылғандай орта білім беретін мектептердің негізгі міндеті жаңа қоғамға жан жақта білімді, дүніетанымы кең, ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан бала тәрбиелеу, бұл міндет – мұғалім бойына жіктеледі.

Орта білім беретін мектептердің негізгі міндеттерінің бірі үлгермеушіліктің алдын алу және оны болдырмауға әрекет жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет