кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермерлік қожалығы; 3) бірлескен
шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасывда
жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған (фермер) қожалығы ("Шаруа
(фермер) қожалығы туралы" Заңның 1-бабы).
Шаруа қожалығына отбасының барлық мүшелері, оның ішінде кәмелетке
жасы толмаған балалары (сондай-ақ асырап алған ұл-қыздары), ата-аналары
және шаруашылықты бірге жүргізетін жақын туыстары мүше бола алады.
Заңда бірлескен шаруашылық меншігі құқықтарының объектілері де
анықталған. Оған өндіріс құрал-жабдыктары, жер учаскесі, егін, шаруашылық
және басқа құрылыстар, өнім беретін және көлікке пайдаланатын малдар,
мелиоративтік құрылыстар, құстар, ауылшаруашылығына арналған және басқа
техникалар, көлік құралдары, басқа да керек-жарақтар жатады, оның бәрі де
шаруа қожалығы мүшелерінің шаруашылық жүргізу үшін жалпы қаржы есебінен
құралады.
Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің жалпы мүлкіне сондай-ақ жемісті,
өнім мен табысты жатқызуға болады. Шаруашылық жүргізудің нәтижесінен
алынған ол шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен немесе ортақ үлесті
мүлкі болып табылады. Бұл мүліктерді иелену, пайдалану шаруашылық
мүшелері арасындағы келісім бойьшша жүзеге асады. Бірақ оның жұбайлардың
бірлескен меншігінен айырмашылығы, шаруа (фермер) қожалығында
шаруашылықты жүргізетін басшысы сайланады, ол жасы 18-ге толған кез келген
азамат болуы керек. Шаруа қожалығының басшысы ұйымдармен, азаматтармен,
мемлекетпен байланысты қожалықтың мүддесін бүлдіреді және заң тыйым
салмайтын азаматтық-құқыктық келісімдерді жүзеге асырады.[10,41]
Шаруа қожалықтарының мүшелерінде ортақ бірлескен меншіктен басқа
жұбайлардың бірлескен меншігі және шаруашылық мүшелерінің өзінің
құқықтық тәртібіне бағынатын бөлек меншігі бола алады.
4. Азаматтық кодекстің 227-бабына сәйкес
Достарыңызбен бөлісу: