Жұбайлар ортақ бірлескен меншікке иелену, пайдалану және билік ету
құқықтарын тең дәрежеде иеленеді. Бұл құқықтарды жүзеге асыру үшін
біріншісінің екіншісінен арнайы рұқсат сұрауы міндетті емес, қатысушылардың
бірі өз мүлкіне келісім жасау үшін мүлкіне билік ете береді. Бірақ та
қозғалмайтын мүлік және басқа мүліктерге байланысты
біріншісі екіншісінен
алдын ала келісімін алу керек.
Балалар ата-анасының мүлкіне иелік жасай алмайды. Алайда олар ата-
аналарымен бірлесіп ортақ меншікті иелене алады. Мұның өзі ортақ қаржы және
еңбек жұмсау нәтижесінде және заңда көрсетілген ретте жүзеге асады. Мұндай
жағдайда бұл ортақ бірлескен меншік болып табылады.
Ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлiк олардың бiрлескен
ортақ меншiгi болып табылады. Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде
жинаған мүлкiне (ерлi- зайыптылардың ортақ мүлкiне)
ерлi-зайыптылардың
әрқайсысының еңбек қызметiнен, кәсiпкерлiк қызметтен және санаткерлiк
қызмет нәтижелерiнен тапқан табыстары, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен
және ерлi-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкiнен түскен кiрiстер, олар
алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ
өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертiгу не
денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан
еңбек қабiлетiн жоғалтуына
және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады.
Сондай-ақ ерлi- зайыптылардың ортақ кiрiстерiнiң есебiнен сатып алынған
жылжымалы және жылжымайтын мүлiктер, бағалы қағаздар, жарналар,
салымдар, несие мекемелерiне немесе өзге де
коммерциялық ұйымдарға
салынған капиталдағы үлестер және ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезеңде
тапқан басқа да кез келген мүлiк ол ерлi-зайыптылардың қайсысының атына
сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлi-зайыптылардың қайсысы
салғанына қарамастан, ерлi- зайыптылардың ортақ мүлкi болып табылады.[8,49]
Қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған
кезеңде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражаты есебiнен сатып алынса да, жеке
пайдалану заттары (киiм-кешек, аяқкиiм және басқалар.Некенiң iс жүзiнде
14
тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлi-зайыптылардың әрқайсысы
тапқан мүлiктi сот олардың әрқайсысының меншiгi деп тануы мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: