біреуі ортақ мүлікке билік етуге байланысты жасаған мәміле басқа
қатысушылардың талап етуімен мәміле жасаған қатысушыны қажетті өкілеттігі
болмады деген себеппен мәміледегі екінші тарап
бұл жөнінде білгені немесе
көпе-көрінеу білуге тиіс болғандығы дәлелденген ретте ғана жарамсыз деп
танылуы мүмкін. Нотариаттың куәландыруын немесе мемлекеттік тіркеуді керек
ететін мәмілелер жасасу кезінде бірлескен мүлікке басқа қатысушылардың
мәміле жасауға келісімі нотариалдық тәртіппен расталуға тиіс.
Егер Азаматтық кодексте немесе өзге де заң құжаттарында бірлескен
меншіктің жекелеген түрлері үшін өзгеше белгіленбесе,
жоғарыда келтірілген
ережелер иелену, пайдалану және билік етуге қолданылады (АК-тің 220-
бабының 4-тармағы).
Ортақ бірлескен меншікте үлес болмайды деп есептеледі, яғни ортақ
меншіктің мұндай түрінде меншік иелерінің үлесі алдын ала айқындалмайды.
Сондықтан да ортақ меншікті бірлескен меншікке қатысушылар арасында бөлу,
сондай-ақ олардың біреуінің үлесін бөліп шығару қатысушылардың әрқайсысын
ортақ мүлікке құқығындағы үлесі алдын ала анықталған жағдайда ғана жүзеге
асырылуы мүмкін.[9,34-37] Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару
кезінде, егер заң немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе,
олардың үлестері тең деп танылады. Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп
шығару негіздерінің тәртібі меншік үлесі жөніндегі ережемен белгіленеді,
ейткені заңмен бірлескен меншіктін жекелеген түрлері үшін
өзгеше
белгіленбеген және бірлескен меншікке қатысушылар қатынастарының мәнінен
туындамайды.
3.
Шаруа (фермер) қожалыгының ортақ меншігінің құқықтық
ерекшеліктері.
Шаруа (фермер) қожалығы дегеніміз бір шаңырақта бірлесіп
еңбек етіп, ауыл шаруашылығына арналған жерді игеріп, одан өнім алуға,
өңдеуге, пайдалануға байланысты іс-қимыл әрекеті болып табылады.
Шаруа (фермер) қожалығы мынадай нысандарда болуы мүмкін: 1)
кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына
негізделген отбасылық
кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы; 2) өзіндік
16
кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермерлік қожалығы; 3) бірлескен
шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасывда
жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған (фермер) қожалығы ("Шаруа
(фермер) қожалығы туралы" Заңның 1-бабы).
Шаруа қожалығына отбасының барлық мүшелері, оның ішінде кәмелетке
жасы толмаған балалары (сондай-ақ асырап алған ұл-қыздары),
ата-аналары
және шаруашылықты бірге жүргізетін жақын туыстары мүше бола алады.
Заңда бірлескен шаруашылық меншігі құқықтарының объектілері де
анықталған. Оған өндіріс құрал-жабдыктары, жер учаскесі, егін, шаруашылық
және басқа құрылыстар, өнім беретін және
көлікке пайдаланатын малдар,
мелиоративтік құрылыстар, құстар, ауылшаруашылығына арналған және басқа
техникалар, көлік құралдары, басқа да керек-жарақтар жатады, оның бәрі де
шаруа қожалығы мүшелерінің шаруашылық жүргізу үшін жалпы қаржы есебінен
құралады.
Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің жалпы мүлкіне сондай-ақ жемісті,
өнім мен табысты жатқызуға болады. Шаруашылық жүргізудің нәтижесінен
алынған ол шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен немесе ортақ үлесті
мүлкі болып табылады. Бұл мүліктерді иелену,
пайдалану шаруашылық
мүшелері арасындағы келісім бойьшша жүзеге асады. Бірақ оның жұбайлардың
бірлескен меншігінен айырмашылығы, шаруа (фермер) қожалығында
шаруашылықты жүргізетін басшысы сайланады, ол жасы 18-ге толған кез келген
азамат болуы керек. Шаруа қожалығының басшысы ұйымдармен, азаматтармен,
мемлекетпен байланысты қожалықтың мүддесін бүлдіреді және заң тыйым
салмайтын азаматтық-құқыктық келісімдерді жүзеге асырады.[10,41]
Шаруа қожалықтарының мүшелерінде ортақ бірлескен меншіктен басқа
жұбайлардың бірлескен меншігі және шаруашылық мүшелерінің
өзінің
құқықтық тәртібіне бағынатын бөлек меншігі бола алады.
4. Азаматтық кодекстің 227-бабына сәйкес
Достарыңызбен бөлісу: