3 I. Тарау. Ортақ меншік қҰҚЫҒЫ


Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата02.12.2023
өлшемі158,84 Kb.
#131598
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ортақ меншік

2.2. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі
1. 2. 
Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі 
ерекше мәртебеге ие. Азаматтық
кодекстің 223-бабы, 1-тармағына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған
кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті меншігі
болатыны не олардың әрқайсысына тиесілі екені олардың арасындағы шартта
көзделмесе, олардың бірлескен меншігі болып табылады.
Жұбайлардың бірлескен меншігі деп олардың некеде тұрған кезде жинаған
мүліктерін айтамыз. Осы тұжырымнан шығатын қорытынды, егер жұбайлардың
бірінің жекешелендірілген үйі болса, ал оған тіркелмеген екіншісі оны бірлесіп
жинадық деп айта алмайды. Егер некеде тұрған кезде ерлі-зайыптылардың ортақ
мүлкінің есебінен сол мүліктің құнын едәуір арттырған қаражат жұмсалғаны
(күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдыктау және т.б.) анықталса, ерлі-
зайыптылардың әркайсысының мүлкі олардың бірлескен меншігі болып
табылады.
Ерлі-зайыптылардың бірінің міндеттемелері бойынша жаза өз меншігіндегі
мүлікке ғана, сондай-ақ бұл мүлікті бөлісу кезінде ерлі-зайыптылардың біріне
тиесілі болатын ортақ мүлкіндегі өз үлесіне ғана қолданылуы мүмкін (АК-тің
223-бабының 3-тармағы).[7,56]
Жұбайлардың бірлескен меншігіне жұбайлардың әрқайсысының еңбекпен
немесе кәсіпкерлік қызметпен тапқан табыстары, сатып алған заттары, бағалы
қағаздары, зейнетақылары, жәрдемақылары және т.б. жатады. Жұбайлардың
бірлескен меншігіне екеуі бірге тұрған кезде біреуі бала бағып, не басқалай
дәлелді себеппен табыс таба алмаса, ол екіншісінің табысына ортақтасады.
Ерлі-зайыптыларға некеде тұрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ
олардың некеде тұрған кезінде сыйға тартылған немесе мұрагерлік тәртіппен
алған мүлкі олардың әрқайсысының меншігі болып табылады.
Қымбат бағалы және басқа өсемдік заттарын қоспағанда жеке
шйдаланудағы заттар (киім-кешек, аяқ киім және т.б.) некеде тұрған кезінде ерлі-
зайыптылардың ортақ қаражатына сатып алынғанымен, оларды пайдаланған
жұбайдың меншігі деп танылады.
13


Жұбайлар ортақ бірлескен меншікке иелену, пайдалану және билік ету
құқықтарын тең дәрежеде иеленеді. Бұл құқықтарды жүзеге асыру үшін
біріншісінің екіншісінен арнайы рұқсат сұрауы міндетті емес, қатысушылардың
бірі өз мүлкіне келісім жасау үшін мүлкіне билік ете береді. Бірақ та
қозғалмайтын мүлік және басқа мүліктерге байланысты біріншісі екіншісінен
алдын ала келісімін алу керек.
Балалар ата-анасының мүлкіне иелік жасай алмайды. Алайда олар ата-
аналарымен бірлесіп ортақ меншікті иелене алады. Мұның өзі ортақ қаржы және
еңбек жұмсау нәтижесінде және заңда көрсетілген ретте жүзеге асады. Мұндай
жағдайда бұл ортақ бірлескен меншік болып табылады.
Ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлiк олардың бiрлескен
ортақ меншiгi болып табылады. Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде
жинаған мүлкiне (ерлi- зайыптылардың ортақ мүлкiне) ерлi-зайыптылардың
әрқайсысының еңбек қызметiнен, кәсiпкерлiк қызметтен және санаткерлiк
қызмет нәтижелерiнен тапқан табыстары, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен
және ерлi-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкiнен түскен кiрiстер, олар
алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ
өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертiгу не
денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабiлетiн жоғалтуына
және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады.
Сондай-ақ ерлi- зайыптылардың ортақ кiрiстерiнiң есебiнен сатып алынған
жылжымалы және жылжымайтын мүлiктер, бағалы қағаздар, жарналар,
салымдар, несие мекемелерiне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға
салынған капиталдағы үлестер және ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезеңде
тапқан басқа да кез келген мүлiк ол ерлi-зайыптылардың қайсысының атына
сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлi-зайыптылардың қайсысы
салғанына қарамастан, ерлi- зайыптылардың ортақ мүлкi болып табылады.[8,49]
Қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған
кезеңде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражаты есебiнен сатып алынса да, жеке
пайдалану заттары (киiм-кешек, аяқкиiм және басқалар.Некенiң iс жүзiнде
14


тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлi-зайыптылардың әрқайсысы
тапқан мүлiктi сот олардың әрқайсысының меншiгi деп тануы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет