3 ІІ. Негізгі бөлім



бет4/6
Дата29.12.2023
өлшемі124,5 Kb.
#144700
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
kur -menshikke-qarsy-qylmystar

Алаяқтық. Бұл іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі сонда, оны жасаудың нәтижесінде меншік құқығы бұзылады. Алаяқтықтың объектісі - меншік болып табылады. Алаяқтықтың заты ретінде тек мүлік кана емес, сонымен қатар, оған қүқық, сондай-ақ мүлікке кейбір өкілеттіктер де танылады. Адаяқтыктың ерекшелігі осы қылмыстың жасалу тәсілінде — мүнда алдау және сенімге қиянат келтіру орын алады.
Алдау болғанда адам бір нәрсені жалған үғынады, адасады. Алдау белсенді формада не пәс мінез-қүлықта көрініс табады. Белсенді формадағы алдау адамға қандай да бір фактілер, оқиғалау жайында жалған деректер беріледі. Пәс алдауда - шындық айтылмай қалады, егер фактілер мен мән-жайлар жайында дүрыс ақпарат алса, жәбірленуші өз мүлкіне билік етуден тартынған болар еді. Мүліктік қүқық катынастарының шарты мен мазмүнын елеулі өзгертетін мән-жайлары айтпау де пәс алдауға жатады.
Алаяқтық жасаудың тәсілі ретінде аіщау өткен немесе қазіргі кездегі фактілерді бүрмалап көрсетуде ғана емес, алаяқтың келешекте болатын мән-жайларды да бүрмалауында. Алдаудың жәбірленушінің санасына ықпал ететін төсіл болуы бүл қылмыстың міндетгі шарты болады, мүлікке билік ету заңның немесе басқадай актілердің негізінде, оның мүддесі үшін жүзеге асырылады деп жәбірленушіні сендіреді.
Алаяқтың көп таралған түрлерінің бірі - келешекте болатын оқиғалар жайында алдау. Мысалы, қымбат автомобильді сатып аламын деп немесе жай «қарызғаң жәбірленушіден ақша алу сондайға жатады. Алдау сөз формасында да немесе жәбірленушіні қателестіретін басқа әрекеттер аркылы да көрініс табады.
Мүлікті немесе мүлікке қүқыкты алаяқтық жолмен алудың басқа бір тәсіліне - заң сенімге қиянат жасауды жатқызады, бүл жағдайда айыпты өзінің меншік иесімен немесе мүліктің заңды иелерімен арадағы сенімдік қатынасты пайдаланады. Алаяқ пен жәбірленушінің арасындағы сенімдік қатынастың негізінде тең қүқықтық негіздеме ғана емес, сонымен катар сенімдік қатынасты тудырған өзге де мән-жайлар, мысалы: жеке таныстық,
туыстардың үсынысы, қалыптасқан нақты жағдай, т.б. болады.
Алаяқтықтың объективтік жағының өзіне тән ерекшелігі сонда, жәбірленуші қателескендіктен алаяққа мүлікті немесе мүлікке қүқықты өз еркімен береді.
Мүліктің өтуі, сырттай қарағанда, тараптардың келісімі, мәміле сияқты болып көрінеді. Бірақ мүндай мәміле заң талабын қанағаттандырмақды, себебі ол жәбірленушінің еркіне қарсы жасалған.
Объективтік жағынан алаяқтық аяқталған деп саналады, егер мүлікке өзінікіндей билік етуге немесе сол мүлікке қүқықты іске асыруға айыпты мүмкіндік алған болса.
Субъективтік жағынан алғанда, алаяқтықта тікелей ниет болады: алдау немесе сенімге қиянат ету жолымен бөтен мүлікті заңсыз иемденетінін немесе ол мүлікке қүқықты алатынын субъект үғынады, нақты зиян келтіруі мүмкін екенін немесе оның қалай да болатынын алдын ала білді, соны тілейді. Бүл қылмыстың субъективтік жағының міндетгі нышаны - пайда көру мақсаты, яғни айыптының бөтен мүлікті өз пайдасына немесе үшінші адамдардың пайдасына айналдыруы.
Алаяқты үрлықтан ажыратқан жөн. Үрлык кезінде алдау кейін бөтен мүлікті жасырын алғанда соны жеңілдететін шарт қана (мысалы, үй-жайға, қызметтік немесе өндірістік жайға кіруді жеңілдету үшін алдау). Алаяқтық жасағанда алдау мүлікті субъектіге берудің негізгі себебіне айналады. Және де, үрлық жасағанда мүлік жөбірленушіден жасырын, оның еркінсіз үрланады. Ал, алаяқтықта мүлікгі қыимыскерге "еркімен" береді.
Тонау. ҚР ҚК-нің 178-бабында тонау дегеніміз - бөтен мүлікті ашық ұрлау деп анықтама берілген. Бұл қылмыстық іс-әрекетгің қоғамдық қауіптілігі сонда, ол меншікке құқықты бұзады. Осы қарастырылып отырған қылмыстың объектісі - меншік. Қосымша тікелей объект ретінде адамның денсаулығы алынады (күш қолданып тоналғанда).
Тонау кезінде мүлікті алу процесі, көбіне, басынан аяғына дейін ашық сипатта болады. Егер айыпты мүлікті жасырын бастап, онысы әшкереленген кезде өз әрекетін ары қарай жалғастырса, онда үрлық тонауға үласады. Кезінде Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының 1961 жылғы 7 желтоқсандағы қаулысында, айыптының ұрлық ретінде бастаған әрекеті кейін сол ұрлаған мүлікті сақтап қалу мақсатында күш қолдануға алып келсе, онда қолданылған зорлықтың сипатына қарай оның әрекеті тонау немесе қарақшылық болып сараланады деген түстік берілген.
Алу кезінде күш қолдануды ҚК-тін 178-бабының 1-бөлігі қамтымайды. Күш қолданып тонау — осы іс-әрекетгің сараланған күрамы болып табылады. Бірақ алудың ашык тәсілі, соңда да, мүлікті иелену үшін айыпты тарапынан қандай да бір күш жүмсалуын қарастырады (итеру, қақтығысу және т.б.), ол ҚК-тің 178-бабының 1-бөлігінде көзделген.
Жәбірленушіге залал келтіру фактісі мен мүлікті ашық түрде иеленуге бағытталған айыпты адам әрекетінің арасында қажетті тікелей себептік байланыс болуға тиіс.
Тонаудың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәмен және пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады.
Бөтен мүлікті ашык тәсілмен иеленетін айыпты міндетті түрде үғынуға, ол жасаған әрекеттердің нәтижесінде мүліктің оған өтетіндігін алдын ала білуге тиіс жөне баю мақсатында соны тілейді. Сондыктан да, қызғаныштан, өшпенділіктен не бүзақылық оймен мүлікті жою мақсатында, не оны уақытша ала түру мақсатында, не нағыз немесе болашақ қүқығын іске асыру мақсатында бөтен мүлікті иеленуге бағытталған ашық әрекеттер тонау қүрамын бермейді. Мысалы, айыптының автобус аялдамасында түрған адамның сырт киімін күндіз иеленуге бағытталған әрекетін ашықтан-ашық үрлау деп тану қажет, себебі оның әрекетінің заңға қайшы сипатын түсінген басқа адамдардың көзінше әрекет жасап түрғанын ол үғынады.
ҚК-тін 14 және 15-баптарына сәйкес тонаудың субъектісі - жасы 14-ке толған, есі дүрыс адам бола алады.
Үрлаудың тек тонау сияқты формасында ғана тән саралаушы нышанға жәбірленушінің өмірі немесе денсаулығы үшін қауіпті емес күш қолдануға не сондай күш қолданамын деп қорқыту жатады.
Күш қолданып тонау бүл қылмыстың саралаушы қүрамы екеңцігін қазақстандық заң шығарушылар бүрын да, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12 мамырдағы заң күші бар Жарлығы қабылданғанға дейін-ақ мойындаған.
Тонау кезінде жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті емес күш қолдануды бұл Жарлық саралаушы нышандар қатарынан алып тастады, нәтижесінде, жасалған өрекет пен оның күкықтық бағасы арасында сәйкестік болмай қалды. Осы талданып отырған нышанның тонауды саралаушы нышандар тізбесінде болмауы себепті Қаз. ССР ҚК-нін 76-1-бабының 1-бөлігі бойынша, практикада, бөтен мүлікгі кандай да бір күш қолданбай ашық үрлау фактісін және сондай, бірақ денсаулык және өмір үшін қауіпті емес күш колданылган факгілерді саралауға мәжбүр болды. Сөзсіз, мұндай Практика қате еді, сондықтан Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық, кодексінде күш қолданып тонау қайтадан өз көрінісін тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет