3 ІІ. Негізгі бөлім



бет6/6
Дата29.12.2023
өлшемі124,5 Kb.
#144700
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
kur -menshikke-qarsy-qylmystar

Қорытынды


Объективтік жағынан алғанда меншікке қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстың материалдық ққрамы бойынша қарастырған. Сондықтан да, олардың объективтік жағы үш міндетгі нышаннан түрады: іс-әрекет, зардап жөне іс-әрекет пен зардап арасындағы себептік-зардаптық байланыс. Тек қарақшылық пен қорқытып алушылық қана формальды қылмыстар болып табылады, себебі бүлардың міндетті нышаны — тек қылмыстық іс-әрекет. Яғни, бүл қылмыстардағы зардап қылмыс қүрамының шегінен тыс жатыр. Қылмыстық зардапта әрқашанда материалдық сипат болады, мүліктік залал туындайды.
Ғылым мен техниканың дамуы нөтижесінде атылатын және суық қарудан басқа газ баллонды, пневматикалық, механикалы, электр қарулары кең таралды. Қарудың бүл түрлерінің барлығы ГОСТ-та қарастырылған, бірақ оларды не атылатын, не суық қаруға жатқызуға болмайды. Сондықтан олар кылмыстық заң әрекетінің шеңберінен тыс қалуда, ал олардың жарақаттау күші атылатын қарудан кем емес.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 27- қазандағы "Қарудың кейбір түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Заңында тірі және өзге де нысаналарды құлатуға құрылымы әдейі арналған қүрылғылар мен заттар, сондай-ақ қарудың функционалдық міндетін анықтайтын оның негізгі бөліктері қару деп танылады делінген. Заң қаруға оның мына түрлерін жатқызады: атылатын, суық, газды, электр, пневматикалық қаруларды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 21 шілдедегі "Атылатын каруды, оқ-дәріні, қару-жарақты және жарылғыш заттарды үрлау, оларды заңсыз сатып алу, алып жүру, сақтау, жасау немесе сату, атылатын қаруды үқыпсыз сақтау туралы істер бойынша практикасы жайындағы" N4 қаулысында атылатын қаруларға: автоматгар, карабиндер, винтовкалар, пулеметтер, пистолеттер және басқа да қүрылымы — тірі күшті, техниканы қүлатуға арналған күрылғылар мен заттар, сондай-ақ спорттық қарулар, оның ішінде, іс жүзінде қандай мақсаттарға қолданылатындығына қарамастан, ату үшін оқ-дөрі газының күші пайдаланылатын үсақ калибрлі, тілінген, аңшы қарулары жатады делінген.
Пневматикалық мылтық, сигнал беретін, жарыс, қүрылыс, газ пистолеттері, ракетницалар, сондай-ақ жауынгерлік колданысқа арналмаған, ішінде жарылғыш заттар мен қоспалар бар пиротехникалық және жарық шашатын қүралдар ҚР ҚК-нің 251-255-баптарда көзделген қылмыстардың заты болмайтындығын соттар ескеруге тиіс, бірақ олар ҚК-тің 179-бабында көзделген іс-әрекеттің заты деп танылады, себебі баптың диспозициясында заң шығарушы қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану сияқты саралаушы нышанды белгілеген.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ағыбаев А.Н.


Қылмыстық құқық (жалпы бөлімі)
Алматы, 2001 ж.
2. Алауханов Е.
Қылмыстық құқық (ерекше бөлімі)
Алматы, 2001 ж.
3. Ағыбаев А.Н.
Қылмыстық құқық (ерекше бөлімі)
Алматы, 2003 ж.
4. Қазақстан республикасының қылмыстық – атқару құқығы
Алматы, 2002 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет