Ұрлық. Қазақстан Республикасының күшіндегі қылмыстық заңына сәйкес үрлық дегеніміз - бөтен мүлікті жасырын ұрлау болып табылады. Ұрлықтың объектісі — меншік.
Бүл қылмыстың заты - материалдық заты түріндегі, нақты қүндылығы бар (заттар, тауарлар, бүйымдар, ақша, т.б.), өндіру үшін адам еңбегі жүмсалған, сондықтан да ақшамен бағалана алатын бөтен мүлік.
Материалдық құндылығы жоқ зат немесе бүйым үрлық заты бола алмайды, себебі оны алу меншік иесіне материалдық залал келтірмейді. Сондықтан да, жасау үшін қоғамға пайдалы еңбек жүмсалған табиғи байлықтарды (өрманды, балықты, тағы жануарларды, т.б.) заңсыз иелену меншікке қарсы қылмыстар қатарына жатпайды, олар экологиялық кылмыстарға жатады.
Ұрлыққа тән нышан — оның жасырын тәсілмен жасалуы. Ұрлықтың жасырындық сипатын анықтағанда айыптының ниетіне, яғни оның үрлықты субъективтік қабылдауына қоса назар аудару қажет. Үрлык болды деп санау үшін айыпты жасырын үрлық жасауға үмтылуы, бөтен мүлікті жасырын түрде иеленуге оның ниеті болуы тиіс.
Егер айыпты, өзінің мүлікті заңсыз иеленгендігін ұғынған бөгде адамдардың араласуына мүмкіндік бермей, қалыптасқан жағдайға байланысты әрекет жасаса да ұрлауда жасырын сипат болады.
Жасырын ұрлауды саралау үшін мүліктің алынуы тек меншік иесіне ғана емес, оны күзетушіге де, үшінші адамдарға да білінбеуі тиіс. Олар үрлық жасаған кезде не сол жерде болмайды, не болған күнде де, үрлықтың жасалғандығын сезбейді.
Егер айыпты, өз әрекетінің кылмыстық сипаты белгілі болғандығын ұғынбай, қылмыстың қүпиялылығына өзі күмән келтірмей әрекетін әрі қарай жалғастырса, ол ұрлық болып саналады. Егер айыпты, әрекетінің белгілі болғандығын ұғьнып ұрлығын доғарса, онда оның өрекеті не ұрлыққа оқталған болып сараланады, егер ол ешнәрсе алып үлгермесе, не аяқталған ұрлық болып саналады, егер ол қандай да бір қүндылықты алып үлгерсе.
Бөгде адамдардың көзінше жасалған ұрлықты жасырын жасалған деп тану үшін, сол адамдардың айыптының әрекетінде қылмыстық сипат бар екендігін ұғынбағандығы анықталуға тиіс. Мысалы, айыпты өзін мүлік иесі атынан билік жасай алатын адаммын деп өтірік айтады; иесіз түрған автомашинаға жайбарақат отырып жүріп кеткен адамның әрекетіне қарап онда тұрғандар ұрлық жасалды деп ойламайды.
Ұрлықтың объективтік жағын талдағанда әрекет пен қылмыстық нәтижесінің арасыңдағы себептік байланысты анықтау қажет.
Теориялық және пракгикалық тұрғыдан едөуір маңызды болып саналатын мәселелердің бірі - ұрлықтың аяқталу кезеңін айқындау. Затты айыптының иеленген кезеңінен бестап ұрлықтың аяқталған болып саналатын-саналмайтындығы бірнеше маңызды мәселелерді шешумен байланысты, олар: қылмысты саралау, қылмысты жасаудан еркімен бас тарту, қылмысқа қатысушылар шеңбері, ұрлықты тонаудан және қарақшылықтан шектеу, жазалау шартын белгілеу мәселелері.
Ұрлықтың аяқталу кезеңін қылмыстық әрекеттің бастапқы даму кезеңіне ауыстыру заңцылықтың бүзылуына өкеп соғады. Бір жағынан, ұрлыққа оқталған әрекет аяқталған қылмыс қатарына жатқызылады, нәтижесінде айыптының жауаптылығы негізсіз күшейеді, себебі жаза тағайындағанда сот ҚК-тің 24-бабында көрсетілген мән-жайларды ескермейді (айыпты жасаған әрекетгщ қоғамға кауіптілік сипаты мен дәрежесін, қылмыстық ниеттің каншалықты жүзеге асырылғандығын және қылмыстың не себепті аяғына дейін жасалынбағандығын). Сонымен катар, айыпты үшін оның өз еркімен бас тарту мүмкіндігі азаяды, ондай әрекеттің оған қажеттігі болмай қалады, бұл жағдайда ұрлықпен күреске нұқсан келтіреді.
Басқа жағынан, ұрлаған мүлкіне өз калауымен билік етуге айыптының мүмкіндігі бар-жоғына қарамастан, мүлікті оның нақты иеленген кезінен бастап ұрлықты аяқталған қылмыс деп санау қауіпті де едәуір көп таралған ұрлықпен күресті әлсіретуі мүмкін және әлсіретуде.
Сонымен, ұрлықты аяқталған деп айыптының заты іс жүзінде иеленген кезінен емес, сол затқа оның өз қалауымен билік ете алатын мүмкіндігі туған кезден бастап санау керек.
Егер ұрлық күзеттегі аймақта жасалса, онда қылмыстың аякталғандығы туралы мәселе ұрланған мүліктің сипатына және айыптының пиғылына байланысты. Мысалы, егер айыпты күзеттегі аймақтан шығармай-ақ пайдалануға болатын мүлікті үрлауды ойластырса, онда мүлікті оқшаулап, оған заңсыз иелік орнатқан кезден бастап үрлық аяқталған болып саналады. Ұрланған мүлкін сол түрған жерінде өз пайдасына жарату мүмкін болмағандықтан, оны күзеттегі аймақтан алып шығу кезінде айыпты үсталса, оның әрекеті ұрлыққа оқталғандық ретінде сараланады (ҚК-тің 24, 175 баптары).
Кінә, қылмыстың себебі мен мақсаты үрлықтың субъективтік жағын сипаттайтын нышандарға жатады. Бұл нышандар ұрлық жасаушы адамның психикасьндағы ішкі процестердің көрінісі, ол ұрлаушының санасы мен еркінің жасалған қоғамға қауіпті әрекетпен (ұрлықпен) байланысын сипаттайды.
Субъективтік жағынан ұрлық - тікелей ниетпен жасалынатын әрекет. Ол дегеніміз - айыпты өз әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін үғынады, қоғамға кауіпті зардаптардың болатынын аддын ала біледі және соны тілейді; ешқандай қүқығы болмаса да бөтен мүлікті жасырын алады, өзіне заңсыз пайда түсіру үшін мүлік иесіне материалдық залал келтіретіндігін түсінеді.
Ұрлық жасағанда айыпты өз әрекетінің заңға қайшы екендігінде, мүлікті жасырын иеленгендігін де ұғынады. Ұрлық жасаудың себебі - пайда табу. Пайда табу болмаса ұрлық та болмайды. Ол үрлықтың субъективтік себебі болып табылады. Бірақ бұл себептің мазмүны, оның тереқдігі, оны ұғыну дәрежесі және түрақтылығы әр түрлі болуы мүмкін.
Егер ұрлықты кылмыстық ұйымдасқан топ жасаса, онда үрлауға қатысқан топ үйымдастырушысының, жетекшісінің және мүшелерінің әрекетін үйымдасқан топ жасаған үрлық үшін жауаптылық көзделген баппен үйымдасқан қылмыстық топ қүрағаны жөне жетекшілік еткені қарастырылған ҚК-тің 235-бабының тиісті бөлігінің жиынтығы бойынша саралау қажет.
Ірі мөлшер түсінігі заң шығарушы ҚК-тің 175-бабына берілген ескертудің 2-тармағында қарастырылған.
Осы тараудың баптарындағы ірі мөлшер немесе ірі залал деп қылмыс жасау сәтінде Қазақстан Республикасының зандарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің күны мен залалдың мөлшері танылады.
Келесі саралаушы нышан — «үрлық не қорқытып алушылық үшін бүрын сотталмаған адам жасаған үрлық"- ҚК-тің 175-бабына берілген ескертуде оған да ресми түсініктеме берілген. Осы тараудың баптарында, сондай-ақ осы Кодекстің басқа баптарында үрлық не корқытып алушылық үшін бүрын сотталған адам деп осы Кодекстің 175-181, 248, 255, 260-баптарында көзделген бір немесе бірнеше қылмыстар үшін соттылығы бар адам танылады.
ҮҰлықты ашықтан ашык, жасалатын тонаудан шектеу қажет. Егер қылмыскер үрлықты жасырын жасап түрмын дел қате ойласа, ал шындығында, жәбірленуші оның өрекетін үғына немесе қылмыскердің әрекетін басқа адамдар бақылап түрса, онда ниеттің бағыттылығына сәйкес бүл әрекет үрлық ретінде саралануға тиіс. Бірақ, сот - тергеу практикасында бүл мән-жай әр уақытта ескеріле бермейді, нәтижесінде қылмыс дүрыс сараланбайды.