3 ІІ. Негізгі бөлім



бет5/6
Дата29.12.2023
өлшемі124,5 Kb.
#144700
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
kur -menshikke-qarsy-qylmystar

Қарақшылық. Қарақшылық объектісі - күрделі кылмыстар қатарына жатады. Онда бөтен мүлікке ғана емес, жәбірленушінің өз басына қастандық жасалады, бүл жағдайда қарақшылықтың қүрамы үшін факультативтік емес, міндетті екі объектінің болуы кажет. Қаракшылықтың қауіптілігі меншікке қастандық жасауда ғана емес, сол қастандықты жасау тәсілінде - шабуылға үшыраған адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті күш қолданылады. Адамның өз басы, оның денсаулығы, бүл жерде, қарақшылықтың екінші
маңызды объектісі болып табылады.
Қарақшылықпен шабуыл жасаудың заты мүлік деп танылады, яғни ол өз иесінің мүқтаждығы не тікелей (тағам, хиһаз, автомашина, киім, т,б.), не жанама (ақша, қүнды қағаздар және басқа) қанағаттандыра алатын материалдық өлемдегі заттар. Соған байланысты олар қандай да бір түтынушылық қүнға ие болады, олар мүлік ретінде экономикалық қасиетпен сипатталады.
Кылмыстық кол сұғу затының функциясын атқару үшін ол нәрсе қандай да бір тұтынушылық құндылығымен қатар, айырбастык (нарықтык) қүнға да ие болуы тиіс, яғни оңда тек таза субъективтік қүндылық қана емес, адам еңбегінің материалданбаған, нәрсеге арналған заты ретінде объективтік күндылыққа да ие болуы тиіс. Мүлікті, егер біз экономикалық, шаруашылық позициясынан қарастыратын болсақ, онда ол жасауға, өндіруге, өсіруге және өзге өндіріске қоғамдық пайдалы еңбек жүмсалған нәрселер мен заттардың жиынтығы. Және керісінше, бүрын еңбек жүмсалмаған зат, К. Маркс айтқаңдай, мүліктің элементі бола алмайды. Соңдықтан да затта күн болады, ол азаматтық айналымға, тауар-ақша қатынастарына қатысады. Азаматтық айналымнан алып тасталынған мүлік -меншікке қарсы қылмыстың заты бола алмайды.
Объективтік жағынан алғанда, қарақшылық - жәбірленушінің денсаулығы немесе өмірі үшін кауіпті зорлықпен, немесе, ондай зорлықты тікелей қолдану қаупімен үштасқан шабуыл арқылы сипатталады.
"Шабуыл" термині жәбірленушіге кенеттен, ойламаған жерден психикалык қысым жасаумен байланысты.
Шабуыл кенеттен болғандықтан жәбірленуші өз мүмкіндігінше тойтарыс беру қабілетін жоғалтады не өкіметтің немесе үшінші адамдардың көмегіне жүгіне алмайды, себебі күш көрсету әрекеті табан асты туындайды.
Егер айыптының заңсыз мүліктік талаптарын жөбірленуші белгілі бір мерзімде орындамаса, оған келешекте күш колдану қаупі төнетін болса, онда бүл әрекет - қорқытып алушылыққа жатады, ал карақшылықта зорлық пен мүлікті иемдену бір уакытта жүзеге асырылады. Күш қолданусыз шабуыл жасау мүмкін емес. Бірақ бүл түсініктер парапар емес, себебі күш қолданудың барлығы бірдей шабуыл түрінде болмайды. Жәбірленушіні есеңгіретіп, үйықтатып тастап, сондай-ақ уландырып мүлікті иелену де -зорлық жасағандыкқа жатады. Бүл жағдайда шабуыл жоқ, бірақ жәбірленушіге зорлық жасау орын алады, егер бүл әрекеттер алдау арқылы жүзеге асырылса. Егер қылмыскер жәбірленушіні бас салып, оны хлороформмен үйыктатып тастаса, бүл ретте күш қолданып шабуыл жасау орын алады. Күш қолдану шабуылсыз болуы мүмкін. Шабуыл басталғанымен күш әлі қолданылмаған жағдайлар да кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет