Қорғаныс әрекеттері Қорғаныс әрекеттері шабуыл тәсілдерін меңгергеннен кейін үйретіледі. Қорғаушылардың үйреніп жатқан әрекеттерін жасап кӛрулеріне мүмкіндік беріп, шабуылшылар әрекеттерін жәй орындайды. Содан соң тәсілдерді орындау жылдамдығы және қорғаныс әрекеттерінің белсенділігі ӛседі. Допты артынан және жанынан қағып кету (перехват) 4 адамнан тұратын топта орындалады, оны 2 қорғаушы «Допқа таласу» ойынында бұл әрекетті жетілдіреді. Допты жүргізу кезінде тартып алу және допты ұрып жіберу жұпта кезек -кезек үйретіледі. Допты алып келе жатқан ойыншыдан, оның артында тұрып доптың ең тӛмен секірген нүктесінде күтіп тартып алу керек. Шабуылшыдан бұрын қимылдауға тырысып жанынан допты ұрып жіберу қажет. Допты ұрып жіберу және тартып алу шабуылшыға жақын қолымен орындалады. Лақтыруларға тосқауыл қоюды бір немесе екі қорғаушымен алдын ала белгілі лақтыру тәсілін орындайтын жаттығуларда үйретеді.