Қорғаныс техникасы
Қорғаушылар шабуылшылардың кӛптеген және әр түрлі тәсідлеріне қарсы тұрады және доп ұстаған ойыншыға қарсы әрекеттер жасаудан тұрады. Допсыз шабуылшы ашылуға тырысады, белсенді позицияға шығуға тырысады. Осындай шығуларға қорғаушылар қозғану арқылы қарсылық кӛрсетеді, ол ойыншыны жабуға немесе допты іліп кету үшін тиімді орын алуға тырысады.
Допсыз ойыншыға қарсы әрекет ету дұрыс тұрысты таңдаудан басталады және түрлі тәсілдегі қозғалуды, бұрылулар және секірулерді қосады. Қозғалу (жылжу) қорғаныс әрекеттерінің негізін құрайды. Сонымен қатар доп ұстаған ойыншыға қарсы сәтті әрекеттер жасау қорғаныс тұрысына, жүргізуге, секіруге жылдам қимылдай білуге байланысты. Оған қарсы алып кету, допты тартып алу, допты жүргізу кезінде ұрып жіберу және лақтыруға тосқауыл қою орындалады. Тұрыс барлық қорғаныс әрекеттерін орындауға арналған бастапқы қалып болып табылады. Тұрыста қорғаушы жартылай бүгілген аяқта болады, тепе-теңдікті сақтап, шабуылшының әрекеттерін бақылауға мүмкіндік беретін жылдамдықта және кез келген бағытта қимылдауға дайындықта тұрады. Аяқтары бір сызықтың бойында немесе бір аяғы алға қойылған. Аяқтары параллельді болғанда, қорғаушы кез келген жаққа қимылды бастауға мүмкіндік алады. Аяқты алға қойған тұрыс қорғаушыға жылдам жақындауға, допты алып кету үшін шығуға немесе тосқауыл қоюға, қорғаныстан шабуылға жылдам ауысуды жасауға мүмкіндік береді. Қорғаушының қозғалуының ерекшелігі арқамен алға жүгіру болып табылады, ол бұрылулармен және жылдам екпіндеп жүгірулермен кезектеседі. Бұрылудың, жүгірудің және тоқтаудың техникасы шабуылдаушы ойыншының қозғалу техникасында қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |