Қорғану әрекеттері Қорғану әрекеттері допты алып кетуден, допты жүргізуден тартып алу және лақтыруға тосқауыл қоюдан тұрады. Ең күрделі болып допты түсіру болып табылады. Қорғану әрекеттеріне қақпашының ойын техникасы кіреді. Допты алып кетуді қорғаушының артынан немесе жанынан шабуылшының шығуымен орындауға болады. Олар шабуылдаушы ойыншының әрекеттерін біліп қойғанда немесе қимылда доп беру кезінде орындалады. Қорғаушының белсенді әрекеттері доп беруді қиындатады және допты алып кетуге мүмкіндік береді. Қимылда берілген допты, қорғаушы уақытылы жүгіріп шығып шабуылшыдан бұрын жетіп допты алып кетуіне болады. Допты тартып алу немесе қағып жіберу допты алып жүру кезінде ойыншыға жақын қолмен орындалады. Допты тартып алу қорғаушы шабуылшының артында болғанда орындалады, ал допты қағып жіберу қорғаушы жанында болған кезде орындалады. Әрекеттің жасырындылығы және кездейсоқтығы қорғаушының әрекетінің тиімді болуының қажетті шарты.
Лақтыруға тосқауыл қою қолмен орындалады, олар доптың жолын жабады. Секіріп лақтырғанда қорғаушы лақтыру кезінде қолдарын жоғары созып секіреді, еңкейіп лақтырғанда немесе алаңнан секіртіп лақтырғанда тосқауылды бірнеше ойыншылар бірден орындайды, бұл олардан келісілген қимылдарды талап етеді. Қорғаушы шабуылшының қозғалу жолына орналасып оның қозғалуына тосқауыл қоюына болады. Бұл үшін қорғаушы шабуылшыдан бұрын қимылдап, тосқауылды тек денесімен орындайды. Шабуылшының қолынан допты түсіру секіріп лақтыру кезінде орындалады. Қорғаушы ұшуда қолын допқа қойып, лақтыруға кедергі жасайды. Егер қорғаушы шабуылдаушы ойыншымен бір мезетте секірсе ғана тәсіл сәтті орындалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |