3. Жарыс ережесін білу, төрешілік ету дағдыларын игеру



бет4/14
Дата07.01.2022
өлшемі37,57 Kb.
#17942
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
гандбол

Ойынның мазмұны Гандбол ойыншыларының міндеті қарсыласының қақпасына доп соғу және ӛз қақпасын қорғау болып табылады. Барлық доппен қимылдар қолмен орындалады, осыдан ойынның атауы шыққан. Ойын ӛте әр қилы және табиғи қимыл координацияларында жүгіруде, секіруде және лақтыруда негізделген.

Шабуылдаушылардың іс-қимылдары жылжу, допты беру, тосу, допты жүргізу және қақпаға доп лақтырудан тұрады. Қорғаушының іс-қимылдары 54

жылжи білу, доп ұстаған шабуылшыға және қақпашының ойынына қарсылық кӛрсете білу болып келеді. 40х20 алаңның ӛлшемінің үлкендігіне қарай спортшылардың дене шынықтыру сапасына жоғары талап қойылады.

Ойын техникасы

Шабуылдағы және қорғаныстағы ойын техникасы екі топтағы тәсілдерден тұрады: шабуылшылардың жылжу техникасы және допқа ие болу техникасы, қорғаушылардың жылжу техникасы және қарсыласу әрекеттерінің техникасы. Допсыз орындалатын ойын тәсілдері: бастапқы тұрыс, жүру, жүгіру, секіру, тоқтау және бұрылу. Бұл топтағы тәсілдердің міндеті ойыншылардың қажетті бағытта жоғары жылдамдықта сенімді жылжуы ьолып табылады. Ойыншының бастапқы қалыпта нық тұрысы шабуылда және қорғаныста жылдам және уақытылы қимылдауына мүмкіндік береді. Қорғаушылардың жылжуының ерекшеліктері арқамен алға және жанымен жылжу болып табылады, ал шабуылшылар жылжуды бетпен алға орындайды. Шабуылшының допқа ие болу техникасы допты беруден, тосудан, допты жүргізуден және лақтырудан тұрады. Қорғаушы қарсы тұру әрекеттерін қолданады; допты алып кету, ойыншыға тосқауыл қою және лақтыру кезінде допқа тосқауыл қою, қағып жіберу және допты жүргізу кезінде тартып алу, лақтыру кезінде допты қолдан алып қою әрекеттері болып табылады. Қорғаныстағы ойын техникасына қақпашының ойыны кіреді, ол тұрыстан, қолмен және аяқпен ойнаудан, лақтырудан және құлаудан, қақпада жылжудан және лақтыруға қарсы шығудан тұрады. Барлық техника тәсілдерінің орындалуының негізгі әрекеттердің рационалдылығы және үнемділігі жылдамдылық және дәлдік болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет