3. Жасөспірімдер спортының анатомиялық-физиологиялық негіздері Дәріс жоспары



бет1/5
Дата20.04.2023
өлшемі27,03 Kb.
#84824
  1   2   3   4   5
Байланысты:
лекция — копия (3)


3. Жасөспірімдер спортының анатомиялық-физиологиялық негіздері
Дәріс жоспары
1. Спортпен айналысу үдерісіне адам ағзасының жас ерекшелік құрылысы және қызыметі
2. Бұлшық ет аппараты және бұлшық ет қызыметіндегі жүрек соғу ерекшелігі.
3. Адамның қозғалыс тәсілі, спорттық қозғалыс тәсілін меңгерту және физиологиялық даму ерекшелігі
Дәріс мазмұны:
1. Спортпен айналысу үдерісіне адам ағзасының жас ерекшелік құрылысы және қызыметі
Қазіргі жағдайды тұтас алғанда, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысының жай-күйi бұқаралық спортты одан әрi дамыту, халықтың арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын жандандыру, спорт резерві мен халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау жөнiнде кiдiрiссiз, нақты шешiмдер қабылдауды талап етіп отыр.
Спорт мектептеріндегі алғашқы дайындық топтарындағы оқу-жаттығу жұмыстарының мазмұны, спортшыны дайындаудың көп жылдық жоспарының маңызды бөлігі ретінде, спорттық даярлықты әрі қарай жетілдіру жас спортшының барлық қабілеттерін жан-жақты дамыту әсіресе жаттықтырудың көпжылдық барысы кезеңдерінде тиімді ақыл-парасаттылықпен жасалуы қажет. Спорттық резервті даярлаудың өнімділігі спорт мектептерінде жаңа оқу бағдарламасын түзу сапасына байланыстылығы маңызды роль атқарады.
В.В.Находкин [2007] әр оқушының даму қабілетін қамтамасыз ете отырып, өзіндік мүмкіндіктерін және талантын ашу спорт метептеріндегі алғашқы дайындық топтарында жүзеге асу керектігін көрсетеді.
Спортшы ізбасарларды іріктеу жүйесі көпжылдық даярлықпен ұласады. Ол ерте мектеп жасынан басталып, құрлықтар біріншілігіне, Әлем чемпионаттарына, Азиялық және Олимпиялық ойындарға, халықаралық жарыстарға қатысу үшін ел құрама командасына іріктелуімен аяқталады.
Спорт мектептерінде оқушылар жас ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлінеді. Олар:

  1. Алғашқы дайындық топтары 10-13 жастағы

  2. Оқу жаттықтыру топтарына 12-16 жастағы

  3. Спорттық жетілдіру топтарына . 16-20 жастағы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет