Дәрігерлік бақылау: 1. Оқу-жаттығу топтары, спорттық жетілдіру топтары мен жоғары спорттық жетілдіру топтарының қатысушыларына дәрігерлік бақылау дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерімен іске асырылады.
2. Спорт мектебінің дәрігері оқу-жаттығу процесі мен спорт мектептін жарыстарын дәрігерлік қамтамасыз етуді іске асырады, жаттығу жүктемесінің қарқындылығын және көлемін бақылауды іске асырады, спортшыларды дайындаудың жеке жоспарын бекіту және құрастыруға қатысады.
3. Әр қатысушыға үлгі түрінде дәрігерлік-бақылау картасы толтырылады, ол дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансерінде сақталады.
4. Спорт мектептегі қатысушының денсаулықты бұзу ескерту мақсатында мыналар қарастырулары керек
а) Міндетті түрде жылына бір рет диспансерлік тексерістен өту;
б) Сырқат және жарақат алған қатысушылар жарыстарға қатысу алдында қосымша дәрігерлік тексерістен өту;
Биологиялық даму қарқыны. Балалар мен жасөспірімдердің организмдері үнемі өсіп дамуда болады.
Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады.
Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіші бар: 1) бойы; 2) салмағы; 3) кеуде шеңбері.
Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму – сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінң артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмінің дамуы екі түрлі: 1) физикалық, 2) функциялық.
Дамудың негізінде 3 фактор жатыр:
1) өсу,
2) органдар мен ұлпалардың мамандануы немесе дифференциация, 3) форма түзілу.
Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты.
Адамның өмірін 3 кезеңге бөлуге болады:
1) дамып жетілу, 2) кемелдену, 3) қартаю.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ заңдылықтары:
1) өсу мен даму гетерохронды болады.
2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі келеді.
3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты.
4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі
6) өсу мен дамудың акселерациясы (балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамырақ болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп аталады).