3. Жасөспірімдер спортының анатомиялық-физиологиялық негіздері Дәріс жоспары


Спорттық жетілдіру топтарындағы дайындық



бет3/5
Дата20.04.2023
өлшемі27,03 Kb.
#84824
1   2   3   4   5
Байланысты:
лекция — копия (3)

Спорттық жетілдіру топтарындағы дайындық.
Бұл топтардағы оқу-жаттықтыру жұмыстарының басты принципі-мамандандырылған дайындық, оның негізінде ойын қызметі мен оқушылардың жеке ерекшеліктері жатыр. Мамандандыру жан-жақты дайындыққа сүйеніп орындалады.
Бұл жастағы балалармен жұмыстың негізгі бағыты дене мүмкіндіктерін, әдістік және тәсілдік шеберліктерін үнемі жетілдіруге ұмтылуға баулу. Әдіс қоры кеңейіп, әдістерді орындау сапасы артады. Алдыңғы сатыдағы міндеттерді атқаруды жалғастырумен қатар мыналарды орындау керек:
а) арнайы сапаларды жетілдіру мен дене дайындығы құралдарын кең қолдану негізінде қимыл мүмкіндіктері шеңберін кеңейту ә) түрлі амалдарды үйлестірумен, әдістерді жеке ерекшелігіне лайықты етумен командада орындаған белгілі бір қызметімен сәйкес жаңа әдісті менгеру барысында әдіс қорын кеңейту;
б) жарыс жағдайы мен қарсыласының тәртібіне қарай өзара әреткетіне меңгеру;
в) ойын қызметін бекіту мен оны орындауды қамтамасыз ететін дағдыларды кеңейту;
г) түрлі ауқымдарды жарыстарға жүйелі қатысу нәтижесінде ойын тәжірибесін игеру;
ғ) әдіс пен тәсілдік өзара әрекет әсерлігін арттыру;
д) жасөспірімдерді жоғары дәрежелі командаларға қойылатын талаптарға өткізу.
Сабақ 12-15 адамнан құрылған топтарға жүргізіледі. Мына әдістер қолданылады: топтық мөлшерленген жаттығулар аз топтық (шағын топтарда немесе жеке).
2. Бұлшық ет аппараты және бұлшық ет қызыметіндегі жүрек соғу ерекшелігі.
Спорттық іріктеу–бұл негізінен педогогикалық және ұйымдастыру іс-шаралар кешені, спорт түріне қажетті мақсат пен міндеттен туындаған мазмұндар мен формалар түрлерінің қосындысынан тұрады.
Осыған байланысты жеке қабілеттілік пен дарын мәселесі физиологиялық, биологиялық зерттеу мен спорттық шеберліктің өсуі бойынша педагогикалық терең бақылау жолымен анықталады олар алтау:
- денсаулығы;
- дене жетілуі және дене бітімінің ерекшелігі;
- жалпы және жеке дене дайындығы;
- психофизиологиялық ерекшелігі;
- әдіс–тәсілдік дайындығы және шеберлігі;
- психикалық және мінез-құлықтық ерекшелігі.
Осы істерді атқару мақсатында біздің ізденістің міндеттеріне сай спорт мектептерінде жан-жақты дайындықты бақылау тест-сынамасының көмегімен және балалардың мінез-құлығын бақылаудың арқасында қабілеттілік туралы көріністі нақты анықтай алуға мүмкіндік туды және олардың дене дамуын, шеберлігінің өсуін болжай алатын жағдайға жеттік. Осы сынақтардың арқасында баланың спорттық күреспен арықарай шұғылдануына шешім қабылданады, ал спорттық күреске бейімі аз деп табылған балалар үшін басқа спорт түрлеріне икемділіктері ескеріліп оларға басқа спорт түрлеріне ауысуына көмек беріледі, сонымен бірге қажет болған жағдайда ата-аналарға баласының басқа спорт түрімен шұғылдануы керек екендігі жөнінде ұсыныс беріледі.
Жыл бойы өткізілген сынақ-тестілердің көрсеткіштері, өткізілген жарыстардың қорытындылары және педагогикалық бақылау мен дәрігерлік бақылаудың негізінде бастапқы дайындық топтарындағы оқушылардың спорт түрлеріне бейімділігімен дене-күш қабілеттері көрсеткіштері бойынша балаларды спорт түрлеріне бейімділігіне қарай қорытынды шығаруға мүмкіндік туады. Осы қорытындылар нәтижесі бойынша ұсыныс жұмысымызда (24 кестеде) көрсетілген спорт түрлерін негізгі 5 топқа бөлген нұсқа бойынша балаларға ұсыныс жасауға мүмкіндік туды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет