Алғашқы дайындық кезең жұмыстары Жас баскетболшыларды дайындауда ағзаның физиологиялық ерекшеліктері мен дайындық міндеттерін сәйкестендіру қажет.
Алғашқы дайындық кезеңінде мына жағдайларды ескеру қажет:
Жасына қарай бала ағзасы өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер сан жағынан да (салмағы, бойы), сапа жағынан да әсер етеді. Сондықтан балаларға үлкендерге коятындай емес, талаптардын көлемін азайтып, оларды баланын жасына лайықтап беру қажет.
2) Бала ағзасының дамуы үздіксіз әрі қалыпта жүреді. Белгілі бір кезеңдерде түбегейлі өзгерістер болады (өсу екпіні мен процестеріне қарай бойдың, бұлшықет салмағаның өсуі, мүшелер мен жүйелердің дамуы түрлі жас кезендерінде әртүрпі). Мысалы, жыныстық жетілу кезеңі ұлдарға қарағанда қыздарда ерте болады; 11-13 жаста қыздар бой мен салмақ жағынан ұлдардан озып кетеді; ұлдарда бұлшыкет күші 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жаста карқынды дамиды.
3) Балалардың дене сапаларының даму қарқыны мен басқа да қабілеттері белгілі бір кезеңдерге сәйкес келеді.
Алғашқы дайындық топтарындағы оқытудың екінші жылы біріншісінің жалғасы болып табылады. Онда дене және әдістік дайындыққа баса назар аударылады: белгілі спортшыларды іріктеу жүргізіледі. Алайда екінші жылы дене дайындығына берілетін уақыт азайтылып, тәсілдік және ойын дайындығына бөлінетін сағат саны көбейеді.
Оқу-жаттықтыру топтарындағы дайындық Оқу-жаттықтыру топтарындағы жұмыстын негізгі принциптері -дайындықтың ойын ерекшелігінің сипаттарына сәйкес жан-жақтылығы (қызметі бойынша).
Бұл кезендегі дайындық міндеттері:
Окушылардың денсаулыгын нығайту мен ағзасын шынықтыру, жалпы дене дайындығының денгейін арттыру, «батылдар мен ептілер» және «спорттық ауысым» - III және IV дәрежелі БГТО мөлшерін тапсыру.
Әдіс пен тәсілді жетілдіруге қажетті арнайы қабілетті дамыту.
Әдіс пен тәсілдін негіздерін жақсы меңгеру.
Әрбір оқушының командадағы ойын қызметін анықтау, осы арқылы дайындықты тұлғаландыру.
Жаттықтыру сабақтарын жарыс тәртібіне жақындату командалық қимыл тәсілдерінің негіздерін меңгеру және жарыс әрекетінің дағдыларын тәрбиелеу (баскетболдан)
Күнделік жүргізу, ойынды жазып жүру жүйесіне алынған мәліметтерді талдау дағдыларына баулу.
Баскетболдан жарыс ұйымдастыру мен өткізу дағдыларын игеру.
Дайындық түрлері бойынша мөлшерлік талаптар мен спорт дәрежесінің мөлшерлемесін орындау.
Жалпы дене дайьшдығының көлемін азайту нәтижесінде оқу-жаттықтыру топтарында тәсілдік және ойын дайындығының көлемі артады. Сол арқылы бұл жастағы дайындықтың негізгі міндеті балаларды спорт қимылдарына баулу болып табылады. Бұл саты болашақ баскетбол шеберін дайындау тұрғысынан алып қарағанда ең маңыздысы больш табылады, сондықтан жас-жыныс дамуымен туындайтын алғышарттар қимыл дағдысы мен өнерін қалыптастыру, жеке қабілеттерімен бейімділігін анықтауда кен мүмкіндіктер береді.
Физмологиялық тұрғадан орталық жүйке жүйесі жұмыстары белсенділігі байқалады, көптеген жүйке талшықтарының түзілуі, сондай-ақ бұл жастағы тежеуіне реакциялардың біршама тұрақтылығы байқалады.