3 обөЖ сабағына арналған таратпа материал Аралық бақылау №1 Сұрақтары



бет7/10
Дата31.12.2021
өлшемі274,5 Kb.
#22583
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
№3 РК №1 (1)

27. Перифериялық рефлекстер

Вегетативтік жүйке жүйесі атқаратын қызметтердің бірі - шеткі ( перифериялық) рефлекстер тууын қамтамасыз ету.

Шеткі рефлекстердің төмендегідей 3 түрі бар:

1) Висцеро-висцеральдық (ағза-ағзалық) рефлекстер. Белгілі бір интероқабылдағышты тітіркендірсе, екінші бір ағзаның қызметі рефлекстік жолмен өзгереді. Мәселен, қуықтық кілегейлі қабығын тітіркендірсе жүрек соғуы рефлекстік жолмен өзгеруі мүмкін

2) Висцеродермалық (ағза-тері) рефлекстер. Белгілі бір ішкі ағза қабылдағышын тітіркендірсе, терінің белгілі бір нүктесінің сезімталдығы шектен тыс күшейеді. Мәселен, қарынның кілегейлі қабығында жара болса, адамның 12-де кеуде омыртқасының артқы өскіні тұсындағы тері өте сезімтал болады да басқан кезде қатты ауырады. Ауруды анықтауда мұндай рефлекстердің үлкен маңызы бар.

3) Дермовисцеральдық (тері-ағза) рефлекстер. Әрбір ішкі ағзаның тері бетімен байланысқан жері бар. Сол жерге әсер етсе, онымен байланысқан ағзаның қызметі өзгереді. Мәселен, жылытса, мұз қойса, ол ағзаның қызметі рефлекстік жолмен өзгереді.

Жатырдың жиырылуын күшейтіп, оның қан тамырларын тарылту үшін құрсақтың (іштің) төменгі жағына мұз қояды. Вегетативті шеткі рефлекстер жануардың жұлынын алып тастағанда да сақталады. Сондықтан бұлар вегетативтік түйіндердің қатысуымен орындалуы мүмкін. Кейбіреулердің пікірі бойынша, шеткі рефлекстер тек аксон тармақтары арқылы да орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет