3 ҚОҒамның даму тенденциясына сай қазақстанның мектептегі білім беру жүйесінің дамуы


Жедел (кеңістіктегі және уақыт ішіндегі кедергілерді жеңу, өзекті тың ақпарат алу, жедел кері байланыс); Ақпараттық



бет20/28
Дата26.06.2022
өлшемі0,67 Mb.
#37309
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Жедел (кеңістіктегі және уақыт ішіндегі кедергілерді жеңу, өзекті тың ақпарат алу, жедел кері байланыс);
Ақпараттық (арнайы салалардағы білім ауқымының кол жетімділдігі артады, тұтынушыға интерактивті веб-арналардьң көмегімен жеткізіледі; телеконференцияларда, жөнелту тізімдерінде және интернет желісін басқа да кұралдарында жарияланады);
Коммуникациялау (бір-бірімен электр желілерінің көмегімен жедел байланысатын оқу үрдісіне қатысушылардың, окушылардың, педагогтардың, мамандардың саны өседі; интернет сабақтарды, жобаларды, олимпиадаларды өткізуге қойылатын шектеулер алынады.);
Педагогикальқ (қашықтықтан жүргізілетін телекоммуникацилардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай оқыту бұрынғыдан гөрі интерактивті, технологиялық және дәлелді бола түседі, дараландырады; оқушылар жұмыстарының желідегі жариялымдары, оларды сараптау мен бағалау жеңілдетіледі.);
Психологиялық (оқушынын өзін танытуы үшін дәстүрлі эмоциялық-психояогиялық жағдайлармен салыстырғанда анағұрлым жағдайлар жасау; психологиялық кедергілер мен проблемаларды ашу, ауызша сөйлеудің кемшіліктерін жою);
Экономикалық (көлік шығыстарын, үй жайын жалға алуға кететін шығындарды үнемдеудің есебінен оқуға жұмсалатын шығындар 40 пайыз шамасында кемиді. Қағазбен іс жүргізу, оқу кұр'алдарының таралымы азаяды.);
Қашықтықтан оқыту - адам білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білІм беру жүйесі нысандарының бірі.
* Қазақстан Республикасында қашықтықтан білім берудің рөлін өзекті ететін әлеуметтік саяси прогрестер;
* Білім беруге жаңа талаптар коятын экономикалык реформаларды дамыту. Халықаралық байланыстардың оның ішінде білім беру саласындағы байланыстардың өсуіне ықпал ететін саяси өзгерістер;
*Білім беру қызметін көрсетулердің әлемдік нарығынданда бәсекелестіктің артуы кезінде білім беру;
*Ақпараттық технологиялардың өзекті мәселелері
* Ісіндегі халықаралық ықпалдастықты күшейту.
Қазақстан Республикасында Білім беру процесіне қатысушылардың арасында ақпарат алмасудың сапалық тұрғыдан жаңа техникалық құралдарының пайда болуы және олардың жедел дамуы.
Халықтың білім берудің мазмұны мен технологияларына қатысты жаңа сұраныстарын қалыптастыру. Қашықтықтан білім берудің әлеуметтік функциялары:
- халыктық әлеуметтік және кәсіби жұмылуын оның кәсіпкерлік әлеуметтік белсенділігін арттыру;
- елдің сапалы даярланған білікті мамандарға деген сұраныстарын қанағаттандыру;
- отандық жоғары мектепте жинақталған білімді кадрлық және материалдық әлеуметті сақтауға және көбейтуге жәрдемдесу.
- қоғамның білімділік деңгейін және білім сапасын арттыру
- халықтың әр түрлі білім беру қызметтеріне деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қашықтықтан оқитын оқушы жасаған білім нәтижелері, оның ішкі жеке басының өсуіне сәйкес келеді. Ғылыми білім беретін интернет-ресурстардың көлемінің өсуі адамзаттың әлемдік мәдени-тарихи жетістіктеріне жетудің мүмкіндігі білім берудін мазмұнының ролін өзгертеді. Дәстүрлі білім берудің негізгі мақсаты таңдап алынған мазмұнды оқушыларға жеткізу болып табылатын бірыңғай көздерге - оқулықтар мен оқу құралдарына шоғырландырылады. Web - ортада, СВ КОМ. ВҮВ-тасушыларда, электронды кітаптар мен вертуальді кітапханаларда бар білімдік ақпараттың қол жетімділігі және көлемнің ұлғаюы және қашықтықтан оқыту қызметі нысандарының ашықтығы оқушылардың дүниетанымын әлемдік деңгейге дейін кеңейтеді. Сондықтан болашақ 12 жылдық мектепте қашықтықтан оқыту нысандарын бірыңғай ашық білім беру кеңістігіндегі ғаламдық білім беретін телекоммуникациялардың тиімді құралы ретінде лайықты орын алатыны анық.
Орта бiлiм беру жүйесiн технологияландырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.
Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.
Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.
Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқыту компьютерлiк техника мен телекоммуникациялық желiлердi қолдану барысында ұйымдастырылады. Телекоммуникациялық желiлер мұғалiм мен үйренушi арасында қашықтық проблемасын шешедi және жедел байланысты ұйымдастырады. Қазiргi ақпараттық технология құралдары материалдарды әр түрлi формада (графика, дыбыс, анимация, видео) пайдалануға мүмкiндiк бередi. Компьютерлiк үйрету және бақылау программалары тыңдаушыға, бiр жағынан, оқу материалын жедел меңгеруге көмектессе, ал екiншi жағынан, оқу материалдарын қандай деңгейде жедел меңгергенiн бақылауға көмектеседi.
Оқыту процесiн қашықтық режимiнде ұйымдастыру барысында барлық ақпараттық қызмет типтерi пайдаланылады:
Электрондық пошта телеконференция:
 мәлiметтердi жiберу (FTP-сервер)
 гипермәтiндiк орта (WWW-сервер)
 интернет желiсiнiң әлемдiк ресурстары (WWW кеңiстiгi, деректер қоры, ақпараттық iздеу жүйелерi)
 видеоконференциялар
Аталған типтердiң көмегiмен тыңдаушы мен мұғалiм арасында оқыту мен дидактикалық мiндеттер шешiледi. Бұл құралдар WWW-сервер арқылы хаттар мен файлдарды жiберу мен телеконференция типi түрлi талқылауларды жүзеге асырады.
Электрондық пошта көмегiмен мұғалiм мен тыңдаушы арасында оқу материалдарын жiберу мен мұғалiмге өздерiне түсiнiксiз болған материалдар бойынша сұрақтар жiберуiне мүмкiндiк алады. Бiр жағынан, ол мұғалiмнiң жұмысын жеңiлдетедi. Бұл жағдайда, мұғалiмнiң жұмысы материалдар мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптарына жiберу қызметтерiн атқарумен шектеледi.
Телеконференция оқу тақырыптары бойынша үйренушiлер арасында жалпы пiкiрталасты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Телеконференция мұғалiмнiң басқаруымен өткiзiледi. Мұғалiм пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi, конференция барысында өткiзiлетiн мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға қатынасушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға өзiнiң хабарламаларын (хаттарын) жiбере отырып, пiкiрталасқа қатынасады.
FTP-серверлерiнiң қызметi тұтынушыларға өте үлкен көлемдегi файлдарды (ақпараттарды) жiберуге мүмкiндiк бередi. Мұндай жiберулердi ұйымдастыру мен оны бақылауда FTP-серверлерiнiң қызметiн атқаратын функциялар орналасады. Ал WWW-серверi мысалы, оқушылар үшін оқу материалдарын орналастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл материалдар гипермәтiн түрiнде ұйымдастырылатын болады. Гипермәтiн материалдарды жүйелеп құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының бөлiмдерiн гипербайланыс арқылы бiр-бiрiмен байланыстыруға, материалдарды бiр-бiрiмен толықтырып отыруға мүмкiндiк бередi. WWW-құжаттарында тек мәтiндiк ақпаратты ғана емес, сонымен бiрге, графиктiк, дыбыстық және видеоақпараттарды да орналастыруға болады.
WWW-желiсiнiң әлемдiк ресурсында гипермәтiн түрiнде көрнекi және анықтамалық материалдар орналастырылады. Мұғалiм iздеу жүйелерiнiң көмегiмен WWW-беттерiнде Интернет ресурстары бойынша анықтамалар арқылы сiлтемелер жинағын дайындауға болады. Педагог мамандардың үйренетiн материалдарын да осы құжатқа енгiзедi және ол жөнiнде оған хабарлама берiледi. Егер олар Интернетке шыға алатындай мүмкiндiк алса, онда ол осы берiлген материалдарды оқи алады.
Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:
 компьютерлiк үйрету бағдарламалары
 электрондық оқу құралдары
 компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау
 электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар
 аудио және видеоматериалдар
 интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар
Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi. Қашықтықтан оқыту материалдарын жасақтаушылар осы құралдарды негiзге алуы қажет. Оқу құралдарын жасақтау ұзақ процесс. Оқу құралдарын жасақтау қашықтықтан оқыту формасының тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi көзi болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет