3 ҚОҒамның даму тенденциясына сай қазақстанның мектептегі білім беру жүйесінің дамуы



бет16/28
Дата26.06.2022
өлшемі0,67 Mb.
#37309
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
dip -mektepterindegi-orta-bilim-beru-zhuyesinin-reformalary

Бастауыш мектепте оқыту туралы. Бастауыш бiлiм жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң бастауыш сыныптарында немесе мектептiң өз бетiнше оқу-тәрбие берудi ұйымдастыратын бiлiм мекемесiнiң бастауыш деңгейінде оқыту мен тәрбиелеудiң өзара байланысы арқылы қамтамасыз етiледi.
Мектептiң бастауыш деңгейінде оқытудың мақсаты:
● оқытудың келесi деңгейіндегі оқу бағдарламаларын игерту мақсатында оқушылардың танымдық қабiлеттіліктерін және бiлiктіліктерін дамытуды қамтамасыз ететiн қарапайым бiлiм негiздерiн меңгерту;
● негiзгi оқу iс-әрекетi дағдыларын қалыптастыру;
● ұлттық дiлдi, елiміздiң мәдени-тарихи ерекшелiктерi мен дәстүрлерiн ескере отырып, отандық және әлемдiк мәдениеттi таныту.
Жалпы бастауыш бiлiм оқуды, жазуды, санауды, оқу әрекетiнiң негiзгi бiлiктерi мен дағдыларын, теориялық ойлаудың элементтерiн, оқу әрекеттерiне өзiндiк бақылаудың қарапайым дағдыларын, өзiн-өзi ұстау және сөйлеу мәдениетiн, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмiр салтының негiздерiн меңгертудi қамтамасыз етедi.
Мектепке дейiнгi жастағы балаларды бiрiншi сыныпқа қабылдауда олардың функционалдық сауаттылық негiздерiн меңгеру дәрежесiн емес, оның мектепке жалпы дайындығын тексере отырып, жоғарыда көрсетiлген мақсаттар бағдарға алынады.
Тестiлеудiң, баламен әңгiмелесудiң барлық түрлерiнiң мақсаты - алдағы оқыту үдерісіне баланың жеке даму ерекшелiктерiн ескере отырып түзетулер енгiзу.
Мұғалiм бiрiншi сынып оқушыларымен жұмыс барысында мектепке дейiнгi жастағы баланың жетiстiктерiнiң деңгейiн ескеруi, интенсивтi даму жағдайында жеке жұмыс жүргiзуi, мектепке дейiнгi жаста қалыптаспаған сапаларын түзету бойынша арнайы көмек жасауы тиiс.
Оқу жетiстiктерi мен даму деңгейлерi бойынша жасанды iрiктеу арқылы балаларды топтастыруға болмайды.
Бiрiншi сынып оқушыларында оқуға деген ынта қалыптастыру, оларға белгiлi бiр табысқа қол жеткiзетiндей жағдай жасау және оларды өзiн-өзi бақылауға дайындау мақсатында оқу жылының бiрiншi жартыжылдығында ынталандырудың баға қоюды талап етпейтiн әдiстерi мен тәсiлдерi пайдаланылуы қажет. Оқушылардың мектеп талаптарына бейiмделуiн жеңiлдету мақсатында оқу жүктемесiн бiрте-бiрте өсiру арқылы сабақтардың «сатылық» режимi сақталады. Сабақтар арасындағы үзiлiстердiң ұзақтығы оқушылардың белсендi демалыс және ыстық тамақтандыру уақытын ескере отырып белгiленедi, алайда ол 10 минуттан кем болмауы тиiс.
Бiрнеше ауысымда жұмыс iстейтiн бастауыш деңгейі бар бiлiм беру ұйымдарында бiрiншi сынып оқушылары бiрiншi ауысымда сағат 9.00-ден бастап оқытылуы тиiс.
Сабақ кестесi оқушылардың тамақтануы мен дем алуына жеткiлiктi ұзақтықтағы үзiлiс жасалатындай етiп құрылуы қажет болған (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 11 наурыздағы 224 қаулысы).
Бастауыш мектептегi оқыту төмендегiлердi қамтамасыз ететiндей екi деңгейде жүргiзiледi:
1) оқушылардың жалпы бiлiмдiк дайындығы - ғылым негiздерiн оқыту оқу жоспарларының инвариантты бөлiгiнде белгiленген пәндер тiзiмi мен оларға арнайы бөлінген сағат көлемi негізінде жүзеге асырылады;
2) оқушыларды жалпы дамыту дайындығы - қызығушылықтарына, бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiне қарай олардың шығармашылық дамуына қажеттi жағдайлар жасау.
Бастауыш бiлiм беру 2002 жылы бекiтiлген Жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асады.
Мектептiң бастауыш деңгейі бойынша жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының нормаларын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ бiлiм, бiлiк, дағдыларды бақылау және бағалау жүйесiн жетiлдiру үшiн бақылаудың белгiлi нормалары мен эталондарымен қатар (тексеру жұмыстары, диктанттар, аралық бақылаулар және т.б.) оқушылар жетiстiктерiнiң деңгейiн анықтауға мүмкiндiк беретiн аралық және қорытынды бақылаудың тестiк формаларын енгiзу ұсынылады.
Стандарт талаптарының орындалуын бағалау оқу үдерісiнiң межелiк кезеңiнде, яғни оқытудың бастауыш деңгейінің соңында — 4-сыныпта жүзеге асырылуы тиiс. Пәндер бойынша бастауыш бiлiм беру стандарты барлық оқушылар меңгеруi тиiс мiндеттi минимумды белгiлейдi.
2009-2010 оқу жылында қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек тiлдерiнде оқытылатын жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында 2003 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігінің 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекiтiлген оқу бағдарламалары (Алматы, РОНД, 2003 жыл) пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарының 9.3 бөлiмiне сәйкес пәндердi оқыту үдерісiн оқу-әдiстемелiк, техникалық жағынан қамтамасыз етудi мектеп әкiмшiлiгi мен бiлiм берудi басқарудың жергiлiктi органдары (департаменттер) жүзеге асырады.
Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң бастауыш сыныптарында әрбір пәнді, факультатив және үйірме курстарын тереңдетіп оқыту мақсатында мұғалім өзі дайындаған және мектептің әдістемелік ұйымында бекітілген қосымша бағдарлама негізінде оқытуға болады. Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 160 бұйрығы, 2009 жылғы 14 мамырдағы № 217 бұйрығы негізінде оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендердің тізіміне мультимедиялық электрондық оқулықтар енгізілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет