3 ҚОҒамның даму тенденциясына сай қазақстанның мектептегі білім беру жүйесінің дамуы


ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАЛАРЫ



бет14/28
Дата26.06.2022
өлшемі0,67 Mb.
#37309
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
dip -mektepterindegi-orta-bilim-beru-zhuyesinin-reformalary

2. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАЛАРЫ:


2.1. Орта білім беру жүйесін реформалаудың бағыттары мен мазмұны
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев қол қойған Қазақстан Рес­публика­сының “Білім туралы” Заңы тарихи мәні ерекше айтулы оқиға болып табылады. Жаңа заңның қабыл­дануы өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Өйткені, оның кейбір баптары уақыт талабына сай келмеуіне байланысты қайта қарау қажет болды. Сондықтан да бұл отан­дық білім жүйесінің дамуы мен қалыптасуына мол мүмкіндік бер еді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жа­риялаған Сауаттылықтың он­жыл­дығы (2002-2012 жылдар) кезеңінде еліміздің жаңа заң қабылдауы есте қаларлық жәйт. Білім жүйесін реформалау үдерісінің басталуы қазақстандық білім беруді әлемдік стандарттарға барынша жақындатып, әрі қарай серпінді дамуына оңтайлы ықпал етері анық. Негізі, “Жал­пыға ар­налған білім” моделінен “таңдау бойынша берілетін бі­лім” моде­ліне өтуге бағдарланған реформа­лау жүйесі Қазақстан үшін өте маңызды.
Басқа мемлекеттердегі секілді Қазақстанда да білімнің бәсекеге қабілеттілігі бірінші орынға қойы­лып отыр. Биылғы Жол­дауында Елбасы көтерген бәсе­кеге қабілеттілік идеясы ел да­муының ұлттық ауқымдағы ішкі факторларымен қатар, жаһандық жағдайда да басты идеяға ай­налды. Ресейде әлемдік рынок­тағы білімнің бәсекеге қабілетті­лігін арттыру басымдық ретінде жарияланды. Малай­зияда, Вен­грияда, Финляндияда бәсекеге қабілеттілікті нығайту ұлттық білімді дамытуға тірек болды.
Оңтайлы білім жүйесін таң­даған ел ғана өзінің ғылыми, руха­ни, интеллектуалдық, техно­логиялық әлеуетін дамытуға мүм­кіндік алады және әлемдік қауымдастықта көшбасшылық орын иеленеді.
Экономикасы қарқынды да­мыған мемлекеттердің бірі ретін­де Отанымыздың білім беру ба­ғыттары Орталық Азия айма­ғында да нығайып келеді. Бұл біздің әлемдегі озық елдердің қа­тарына қосылуымызға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда жүзеге асыры­лып жатқан реформада білім жүйесінің барлық деңгейі және бүгінгі күннің талаптары жан-жақты қарастырылған. “Білім туралы” Заң тиімді білім жүйесін қалыптастыру, кәсіби білімді жан­дандыру, білім кеңістігінде қо­ғамдық қатынастарды заңна­ма­лар арқылы реттеуді жетілдіру, барлық білім беру ұйымдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, оқыту үрдісін әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастыру жағын көздейді.
Іс жүзінде заңға енгізілген толықтырулар эволюциялық си­пат­тарға ие, түзетілген баптар еліміздің даму сатысына сәйкес бүгінгі күннің сұраныстарын қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Сондай-ақ бұл білім беруді бір­тіндеп реформалаудың жаңа ке­зеңі болып табылады.
Қабылданған заң білім сала­сында қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республи­ка­сының барлық азаматтарының бі­лім алуына қатысты конституция­лық құқықтарын қамтамасыз етеді. Оқыту сапасының ұлттық жүйесін дамыту нормаларын және әлемде мойындалған қоғамдық-кәсіби ак­кредиттеуге сәйкес білім мекеме­лерін мемлекеттік аттестаттау тәрті­бін де қамтиды.
Жаңа нормаларға сәйкес Қазақ­станда төрт деңгейлі оқытуды жеті деңгейлі білім жүйесі алмастырады. Бастауыш, негізгі орта және орта­дан кейінгі білім деңгейлері енгі­зілді. Келесі жылдан бастап 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі қарастырылып отыр. Әлеуметтік гранттар мен жеңілдіктер және материалдық, моральдық ма­рапат­таулар арқылы педагогтардың мәр­тебесі мен қызметінің маңыздылы­­ғын арттыруға аз көңіл бөлініп жатқан жоқ. Сонымен қатар, білім органдарының өкілеттігі кеңейтілді. Балалардың міндетті мектепалды даярлығы жүзеге асады. Төменгі сыныптарда сабақ беретін педа­гогтардың апталық сағат жүктеме­сін елеулі мөлшерде азайту көздел­ген. Бұл шаралар жаңа құжаттың өзіндік орнын айқындап отыр.
Елімізде білім жүйесінің ұлттық дәстүрін сақтай отырып, жаңаша дамыту жолдары да қарастырылған. Атап айтар болсақ, бәсекеге қабі­летті мамандарды даярлаудың көп деңгейлі жүйесі белсенді түрде енгізіледі, жоғары мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылады; жоғары кірісті экономикалық қызметте жаңа білім мен технология трансформациясы үшін жағдайлар жасалады; білім беру мен ғылымның байланысы ныға­йып, әрі кеңейе түседі; ше­телдік әріптестермен үздіксіз білім алуға байланысты тәжірибе алмасулар жалғасын табады.
Отандық білім қызметінің мақсаты жаңа білім мен кәсіптік білікті игерудегі жеке тұлғалардың сұраныстарын қанағаттандыру, шығармашылық білімді тарату және жас буын өкілдерін кәсіпке баулу бұл азаматтардың біліми әлеуетінің нығаюына әкеледі.
Білім – дәл қазір еліміздегі басым бағыттардың біріне айналып отыр. Ол адамның тұлғалық қасиет­терін толықтай дамытуға, қоғам, мемлекет мүддесіне қызмет етіп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет