Диплом жұмысының тарихнамасы. Орта білімді, орта білім беру жүйесін дамыту, яғни деңгейін көтеру проблемаларымен әр кезеңдегі зерттеушілердің көптеген еңбектері бар. Олардың қатарында Б.Л.Вульсон, А.Н.Джуринский, Ю.Н.Афанасьев, Е.А.Бетяева, Л.В.Ветерникова, Н.М.Воскресенской, В.К.Ельманова, М.Н.Кларин, П.Скотта және т.б. еңбектері. Олардың зерттеулерін оқи отырып, әлемдегі орта білімді дамытудың 9 бағытын бөліп көрсетуге болады.
Орта кәсіби білімнің (массовость) күшейту.
Орта білімнің жаһандануы.
Орта білімнің ашықтығы мен вариативтілігін күшейту.
Орта білімді диверсификациялау.
Орта білімді гумандандыру және оның құрамдас бөлігі ретінде гуманитарландыру.
Оқу үрдісін интенсивтендіру.
Орта білімнің икемділігін күшейту.
Орта білімдегі интеграциялық тенденциялар.
Орта білімді дербестендіру ( индивидуализация ). /Г.К.Ахметова, З.А.Исаева. Педагогика., Алматы 2006 ж. /8. 65/.
Балалар ұжымы мәселесіне ерекше қызығу аңғартқан көрнекті кеңес педагогтары мен психологтары Н.М.Шульман, С.М.Ривес, П.П.Блонский, А.С.Залужный, М.М.Пистрак, С.П:Шацкий, А.С.Макаренко, Ф.Ф.Каролев және т.б. болып табылады /15.153/.
Ұжым мәселесін зерттеуде А.С.Макаренко елеулі үлес қосты. Ұжымдық тәрбие теориясын талдай отырып, А.С.Макаренко: “Жеке тұлғаны қоғамнан, ұжымнан бөліп қарауға болмайды, тек ғана ұжымда жеке тұлғаның нышандарын жан-жақты дамыту, оның нағыз еркіндігі және қызығулары мен қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін”. А.С.Макаренко балалар ұжымын ұйымдастыру және топтастырудың педагогикалық жүйесін негіздеді және тәжірибеде ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу әдістемесін байқап көрді, педагогика ғылымын байытуға ерекше үлес қосты. 1990 жылдары негізгі көңіл дидактиканың жалпы проблемалары мен жеке пәндердің әдістемесіне бөлінді. 1995 жылдары қабылданағн мектеп туралы қаулылар білім беру мен оқытудың теориясы дамуының негізгі бағыттарын анықтап берді /14.23/.