3 Практикалық жұмыс Тақырыбы: Цифрлық білім ресурстары және олардың топтамалары. Мақсаты: Цифрлық білім ресурстары ұғымымен танысу, олардың топтамаларымен жұмыс істей білу және цбр құрастыра білу



бет2/2
Дата21.02.2023
өлшемі33,44 Kb.
#69826
1   2
ЦБР топтамасының мазмұны:
Ақпаратты алу блогы: ғылыми-танымал мақалалар, қайнар көздерінің мәтіндері, оқулықтардың үзінділері, иллюстрациялар, анимациялар, басқа да мультимедия компоненттері, мультимедиялық сабақ-презентациялары.
Виртуальды галерея: бейнеүзінділер, анимациялар, нақты және синтездік бейнелер. Дыбыстық объектілер.
Виртуальды лаборатория: интербелсенді модельдер, интербелсенді анимациялар, виртуальды лаборатория.
Анықтамалық материалдар: графиктер мен диаграммалар, ғалымдардың өмірбаяндары, түйіндемелері бар Интернет-сілтемелер.
Терминдер, анықтамалар және заңдардың сөздігі.
Аттестация: сұрақтар мен есептердің жиынтығы, зерттеушілік іс-әрекетке арналған тапсырмалар.
ЦБР жиынтығында шартты түрде мынадай блоктарды атап көрсетуге болады: итербелсенді компоненттер; демонстрациялық графика; мәтіндер; мұғалімге арналған материалдар.
Білім беру үдерісінде ЦБР-ды қолданудың негізгі әдістері:
Біріншіден, ЦБР-ды пайдаланудың ең танымал түрі, ол – электрондық құралды жаңа материалды түсіндіргенде немесе жаңа сабақты бекіткенде қолдану әдісі. Бұл жағдайда анимациялық, бейне үзінділер, дыбыстық файлдар, графикалық кескіндерді көрсету сияқты ЦБР-ды пайдаланған дұрыс.
Екіншіден, оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған ЦБР-дағы үлкен мүмкіндіктерді пайдалану әдісін атауға болады. Мұндай әрекет үй тапсырмасын, сынақ және т.б. даярлауда орындалуы мүмкін. АКПО құрамына кіретін ЦБР материалдарына жобалау қызметінде де сұраныс бар. Бұл жағдайда оқу комплексінің барлық материалдары: анимация, бейне, дыбыстық сүйемелдеу, интерактивті компоненттер, суреттер, кестелер, графиктер, диаграммалар және қарапайым мәтіндер де пайдалы болуы мүмкін. Осы әдіс мұғалімге пәнаралық байланысты тиімді орнатуға, ал оқушыға өзін қандайда бір нақты білім саласында зерттеуші ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Бұл, әрине, олардың пәнді оқуға қызығушылығын арттырады.
Үшіншіден, ЦБР-ды әртүрлі бақылауларды (кіріс, ағымдық, кесінді, қорытынды) ұйымдастыруға қолдану әдісін атауға болады. Мұндағы бақылау-диагностикасы оқушылардың компьютерлік тестіленуі жайлы.
Төртіншіден, мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы ЦБР-ды нақты бір пән не бағыт бойынша топтастыруға мүмкіндік беретін әдіс. Бұл сақталған ресурстардың қорын жасап, оларды бір жүйеге келтіріп, оқушыға да, мұғалімге де тақырып бойынша қажетті ресурсты жылдам іздестіруге көмектеседі. Сөйтіп, білім беру мекемесінде қарастырылатын проблема бойынша сақтаулы тұрған ЦБР, қағазда тасымалданатын ресурстар және Internet желісіндегі сайттарға сілтемелер жайлы берілгендер банкі де құрылуы мүмкін.
Бесіншіден, ЦБР-ды лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде және көптеген курстарда қарастырылатын әртүрлі топтық іс-әрекеттерде қолдану әдісін атауға болады. Бұл жерде, негізінен, лабораториялық жұмысты жүргізудің имитаторы болып табылатын интерактивті ЦБР жайлы сөз болады. Мұндай ЦБР-ді қолданудың бірқатар кемшіліктері бар екені сөзсіз. Себебі, тәжірибе детальды көрсетілгенімен, оқушы материалды, өлшеу және басқа да құралдарды қолымен ұстай алмайды, нәтиже де виртуальды болады. Бірақ та мұндай ЦБР –дың артықшылығы да бар, оларды қолдану өте үлкен және қымбат тұратын құрылғылардан тұратын оқу кластары мен лабораторияларды алмастыруға мүмкіндік береді.
Алтыншыдан, жаратылыстану ғылыми циклінің пәндері мен информатика және АКТ үшін интерактивті ЦБР-ды жаттықтырушы ретінде қолдану әдісін айтуға болады. Бұл жағдайда объектінің, құбылыстың немесе үдерістің нақты жағдайға максимальды жақын моделі құрылып, оның жүрісі параметрлерді өзгерте отырып жан-жақты зерттеледі. Мысалы, информатикада бұрыннан қолданыста жүрген клавиатуралық тренажер, физикада құрастырылған электрлік схема, химияда қандайда бір химиялық затты алу моделі сияқты көптеген қауіпті не қымбат тәжірибелерді компьютерде орындап, оқу үдерісінің практикалық маңызын арттыруға болады.
Жетіншіден, оқушыларға мұғалімнің қатысуынсыз өздеріне ығайлы уақытта, өз темпінде теориялық материалдармен танысуға, лабораториялық жұмыстар мен тестік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру әдісін айтуға болады. Бұл әдіс уақытша жұмысқа жарамсыз оқушылар үшін, үйде оқитын немесе жолсапарда жүрген балаларға өте тиімді.


Тапсырмалар:

  1. ЦБР ұғымына байланысты таныстырылым жасау

  2. Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін ЦБР дайындау стандартынан конспект жасау

  3. Цифрлық білім ресурстарға қойылатын жалпы педагогикалық талаптарды кестеге толтырыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет