3 Практикалық жұмыс Тақырыбы: Цифрлық білім ресурстары және олардың топтамалары. Мақсаты: Цифрлық білім ресурстары ұғымымен танысу, олардың топтамаларымен жұмыс істей білу және цбр құрастыра білу
Тақырыбы: Цифрлық білім ресурстары және олардың топтамалары.
Мақсаты: Цифрлық білім ресурстары ұғымымен танысу, олардың топтамаларымен жұмыс істей білу және ЦБР құрастыра білу.
Қысқаша теориялық мағлұмат Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) – электрондық оқыту жүйесінің негізгі бір құрамды бөлігі. Олар – оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті сандық формада көрсетілген фотосуреттер, көркем үзінділер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуальды нақтылық пен интерактивті модельдеудің объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, таңбалық объектілер мен іскерлік графика, мәтіндік құжаттар мен басқа да оқу матриалдары. ЦБР, оқылатын пәндердің әр тақырыбындағы жаңа материалдарды мультимедиялық көріністермен түсіндіріп, интербелсенді тапсырмалар мен тестер арқылы бекітеді. Оны пайдалану оқушының әр тақырыпты есте сақтап, оны терең түсінуіне мүмкіндік береді. ЦБР мен білім беруге арналған электрондық басылымдар ұғымдары бір-бірімен мағыналас. Әдебиеттерге шолу жасағанда осыны ескерген жөн.
2011 жылы Ұлттық ақпараттандыру орталығы жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындау стандартын әзірлеген болатын. Ол жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындауға қойылатын педагогикалық, психологиялық, техникалық және дизайн-эргономикалық талаптардың жиынтығын ұсынады және электрондық басылымдарды дайындаушыларға арналған және электрондық оқыту жүйесі (е-learning) үшін әзірленетін барлық цифрлық білім ресурстары үшін қолданылады.
Осы стандарт бойынша цифрлық білім ресурстары – бұл білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтықтан өзара әрекеттестік ретінде электрондық оқытудың ақпарқатынастық білімдік ортасының жинағын құруды қамтамасыз ететін электрондық тасуыштардағы дидактикалық материалдар деп анықталған.
Стандарттағы жалпы талаптар:
ЦБР-дың мазмұны ұлттық дәстүрлер ескеріліп дайындалынады.
Электронды оқытудың құлшыныстық-мақсаттық, мағыналық, операциялық іс-әрекеттік және бағалау-нәтижелік компоненттері бойынша ЦБР түрлерін ажыратуға болады.