№3 Практикалық жұмыс. Тақырыбы: Сызықтарды бағдарлау. Негізгі және магниттік азимуттарды, дирекциондық бұрыштарды және румбтарды анықтау және есептеу



Pdf көрінісі
Дата15.04.2023
өлшемі394,41 Kb.
#82964
Байланысты:
№3 Практикалық жұмыс



№3 Практикалық жұмыс. 
Тақырыбы:
 
Сызықтарды бағдарлау. Негізгі және магниттік азимуттарды
дирекциондық бұрыштарды және румбтарды анықтау және есептеу 
 
Азимут. Меридианның солтүстік басынан бір затқа қарай сағат 
тілінің бағытымен есептелген жергілікті немесе картадағы горизонталь 
бұрышты азимут деп атайды, ал азимут арабшадан аударғанада «бағытты» 
білдіреді. 
Негізгі азимут. Берілген бір нүктеде меридианды астрономия 
тәсілімен тапсақ, онда ол меридиан негізгі (географиялық) азимут болып 
саналады. 
Магниттік азимут. Берілген бір нүктеде меридианды магнит
стрелкасы арқылы тапсақ, магниттік меридиан болып аталады.
Дирекциондық бұрыш. Дирекциондық бұрыш (

) деп осьтік 
меридианның солтүстік жағынан сағат тілінің бағытымен бағдарланғыш сызыққа дейінгі 
горизонталь бұрышты айтады. Дирекциондық бұрыштар азимуттар сияқты 0°–тан 360°-қа 
дейін өзгереді. 
Нүктенің биіктігі (Балтық теңізінен бастапқы). Жергілікті жердің метрмен 
есептегендегі теңіз деңгейінен биіктігі (бұрынғы КСРО-да 
Балтық теңізінің
 деңгейінен жоғары 
нүкте есепке алынды). 
 
Дирекциондық бұрышты, негізгі және магниттік азимуттарды анықтау. Картадағы 
немесе пландағы сызықтардың бағытын, яғни олардың дирекциондық бұрыштарын және шын 
азимуттарын транспортирмен өлшеу арқылы анықтайды. 
ВС сызығының дирекциондық бұрышы 

ВС – 
ны анықтау үшін километрлік тордың 
солтүстік бағытынан ВС – ға дейінгі бұрышты өлшеу қажет, (2.7-сурет) яғни 
а
ВС
= 120
о
30


Негізгі және магниттік азимуттарды картаның төменгі жағында көрсетілген үш 
меридиандардың өзара орналасу сұлбасын (2.6-сурет) пайдаланып анықтайды, яғни негізгі 
азимут пен магниттік азимут (2.3, 2.4) мына формулалармен анықталады
Ан=

+

 ; (2.3) 
Ан=50

30

-

48

1

 ; 
Ан= А
м
-

в
; (2.4) 
Ан=48

1

2

00

, 
мұндағы

- меридиандардың жақындасуы;

- магнит нұсқарының бұрылу бұрышы. 
2.7 -сурет. Дирекциондық бұрышты анықтау 
 
 
2.6 -сурет. 
Меридиандардың 
орналасу сұлбасы 


 
Тапсырма: 
1:10 000 масштабты картада әрбір студентке АВС нүктелері арқылы бағыттар берілген.
1. Осы бағыттар бойынша дирекциондық бұрыштарды анықта.
2. Меридиан стрелкасының бұрылу бұрышын ескере отырып АВС сызығының магниттік 
азимутын анықта.
3. Мериадиндардың жақындасуын қолдана отырып, АВС бағытының шын азимутын 
анықта.
4. АВС сызығының кері дирекциондық бұрышын анықта.Дирекциондық бұрыш бойынша 
румбты анықта?
Меридин стрелкасының бұрылу бұрышы және жақындасуы картада берілген. 
Негізгі әдебиет және қосымша әдебиет  
Бақылау сұрақтары: 
1) Жергілікті жерде сызықтарды бағдарлау қалай орындалады? 
2) Азимут деген не?
3) Дирекциондық бұрыш, румб деген не? 
4) Магниттік ауытқу деген не? 
5) Меридиндардың жақындасуы деген не? 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет