Білге қаған ескерткіші–— Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі “мәңгі тас” (көне түркі тілінде — “Беңгү таш” ) қатарына жататын ескерткіш кешен.
2.Түркі халықтарының наным -сенімдері мен әдет-ғұрыптары.Түркі әлемінің Исламға кіру жолдары мен формалары
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мəдениеттің жалпы атауы.
Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жəне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа]] территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі" терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған.
Көшпелі қазақ халқы әрқашан өмір сүру ортасы мен үйлесім заңы бойынша өмір сүрді. Көшпенділердің санасында табиғат құбылыстарында адамға әсері болатын, оның тағдырына оң немесе теріс әсер ететін мәңгілік және түсініксіз күш бар деген түсінік болды. М. С. Орынбеков былай деп жазған: «ерте Қазақстанның діни- философиялық аспектідегі негізгі ілімдері Тәңірі, Жер-Су, Умай, шаманизм және тіл, митраға табынушылық, буддизм, манихейство, христиандық (несторианство и яковитство), зороастризм ұрпақтарының тұжырымдамаларын көрсетеді. Қазақстан халқы мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігін, дүниетанымдық бағдардағы айырмашылықты болжауға мүмкіндік береді, бұл әлемнің түрлі философиялық негіздерінде өз түсінігін табады»