3-семинар Түркілер өркениеті және Ұлы Жібек жолы Қарастыратын тақырыпшалар



бет2/4
Дата06.10.2024
өлшемі5,24 Mb.
#146900
түріСеминар
1   2   3   4
Байланысты:
6 Жеңіс Дина ТПРП-22.09 Қазақстан тарихы 6-семинар

Күлтегін ескерткіші

  • Күлтегін жазуы —ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жергеОрхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының (8 ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 м., ені 1,34, қалыңдығы 0,41 м. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер 19 ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Екі құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді. Ғалымдар арасында тастағы белгісіз жазуларды көне кельт, гот, грек, славян, Скандинавия, финн, тіпті моңғол немесе қалмақ жазулары деген тұжырымдар болды. 1893 жылы 25 қарашада Дания ғылым академиясының мәжілісінде В.Томсен Орхон жазба жәдігерлерін оқудың кілтін тапқандығын әрі оның көне түркі тілінде жазылғандығын, алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екенін жариялады. Содан кейін академигі В.В.Радлов мәтінді тәржімалады. Осы зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалған жазулар Күлтегін батырдың ерлік істері туралы қаhармандық дастан екендігі белгілі болды.

Тоныкөк ескерткіші

  • Оғыз тайпасынан шыққан. Заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болған. 683 жылы Құтылықпен бірігіп, табғаштарға қарсы көтеріліске шығады. Көтерілісшілер жеңістен жеңіске жетіп, ұзамай әйгілі Екінші Шығыс Түркі қағанатының шаңырағын көтереді. Құтылығты «Ел төресі» деген атпен қаған етіп сайлайды.
  • Құтылығ қаған өлгеннен кейін қаған болған інісі Қапағанға да сенімді серік, білікті ақылшы болып, адал қызмет етеді. Қапаған қарамағындағыларға аяусыз қатыгездікпен қарайды, сондықтан тайпа көсемдері қағанына өкпелеп, жырыла көшпекке қам жасайды. Қағанат құлауға айналады. Күлтегін батыр Қапаған қағанның бүкіл ұрпағын қырып тастап, ағасы Могилиәнді (Білге қаған) қаған тағына отырғызды. Таққа отырған Могилиән Тоныкөктің көрегендік ақылымен тұс-тұстан анталаған жауының бәрін жеңіп, құлауға айналған қағанатты қалпына келтіреді.
  • Білге Тоныкөк өзінің бағасын, тарихтағы орнын өзі қашатып, жаздырып кетті. Тарихшылардың айтуына қарағанда, ол 741 жылдың шамасында 95 жасқа жетіп қайтыс болған тәрізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет