1.Орхон-Енисей жазба ескерткіштері (Күлтегін,Тоныкөк,Білге-қаған ескерткіштері )
2.Түркі халықтарының наным -сенімдері мен әдет-ғұрыптары.Түркі әлемінің Исламға кіру жолдары мен формалары
3.Түркі әлеміндегі ұлы ғұламадар: Әл-Фараби,Жүсіп Баласағұн,Махмұд Қашқари,Ахмет Яссауи мұраларының әлемдік маңызы
4.Ұлы Жібек жолының бағыттары,халықаралық сауда,материалдық және рухани байланыстырудағы маңызы
Түркілер өркениеті
Түркі әлемінің тамыры басталатын Алтай жерінің қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. Тарихи және географиялық кеңістік түркі мемлекеттері мен ұлы көшпенділер империялары сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды. Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты
1.Орхон-Енисей жазба ескерткіштері (Күлтегін,Тоныкөк,Білге-қаған ескерткіштері
Орхон-Енисей жазба ескерткіштері
Байырғы мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл дүние жүзіне атақты болған ақын тас, жыршы тас — Орхон-Енисей ескерткіштері (VIII ғ.) жайында, Білге Қағанға, Күлтегінге, Тоныкөкке арналған құлпытастағы жазулар жайында болмақ. Бұл ескерткіштер Селенга, Орхон өзендерінің бойынан табылған. Кездің жасымен, жүректің қанымен құлпытастарға қашалып тұрып жазылып, қаймағы бұзылмай бізге жеткен осы бір ғажайып руналық жазулардан кейде жоқтау, кейде мадақтау ыңғайында айтылған шешендік сөздердің, өлеңдік ұйқастардың, мақалды тіркестердің не бір көне үлгілерін көреміз.