2. Қазақ елі «ақтар» мен «қызылдар» күрестері жылдарында Қазан төңкерісінен кейін Ресейде басталған Азамат соғысы, яғни ақ пен қызылдар соғысының зардабы Қазақстанды да шарпыды. Қазақ үшін ағы кім, қызылы кім – түсініксіз еді. Ағы кеп қазақ ауылын бір шапса, аққа көмек көрсеттің деген желеумен қызылы екі шапты. Зардап шеккен – жергілікті халық. Түсі мен идеологиясы өзгерген ақ пен қызыл қазақ үшін сол орыс еді. Қызылдармыз деген бет пердені жамылған большевиктер 1916 жылғы көтерілісте қазаққа кеткен кегіміз деп кей ауылдарды жермен жексен еткені де ақиқат. Азамат соғысы кезінде көшпелі қазақтардың арасында азық-түлік салығы қатаң жүргізілді. Мал шаруашылығымен айналысатын көшпелі халықтардың малын күштеп тартып алу үйреншікті әдетке айналады. Астық екпейтін аудандарға астық салығы салынады.1916 жылы басталған дүрбелең 1920 жылға дейін қазақ ауылдарын сансыратты. Әсіресе азамат соғысының зардабы қазақтарға өте ауыр тиді.
3.Қазақ АССР және Түркістан Республикасы. Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.
1918 жылғы 30 сәуірден 1924 жылғы 27 қазанға дейін РКФСР құрамындағы автономиялы республика. Халық саны 5 миллионнан асады. Астанасы - Ташкент қаласы. Басқарушы партия - Түркістан коммунистік партиясы. Башқұрт АКСР-мен қатар РКФСР құрамындағы алғашқы автономиялы республика болып саналады.
1918 жылы Ташкентте 20 сәуір мен 1 мамыр аралығында болып өткен кеңестердің Бүкілтүркістандық 5-съезінде жарияланды. Онда “Түркістан Кеңестік Республикасы туралы ереже” бекітілді. Съезде: “Түркістан Кеңестік Федеративтік республикасы автономиялы түрде басқарылып, Ресей Кеңестік Федерациясының орталық үкіметін мойындайды және оның бағытын ұстанады” деп жазылды. Оған Каспий өңірін, Самарқанд және Ферғана облыстарын қамтитын Түркістан өлкесі кірді. Астанасы Ташкент болды. Мұның құрылуына Ташкентте Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі басталған табан тірескен қиян-кескі күрес себеп болды. Бұл Федерация өз аттас өңірдің бір бөлігінде құрылды. 1918- 1920 жж. Азамат соғысы кезінде Түркістан Республикасының Орталық Ресеймен байланысы болмады. 1924 жылы 16 қыркүйекте Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төтенше сессиясы ұлттық-мемлекеттік шекара бөлу туралы қаулы қабылдады. 1924 жылы 14 қазанда Бүкілресейлік ОАК-нің 2-сессиясы Түркістан Федерациясын жеке автономиялы бірліктерге бөлу туралы шешім қабылдады. 1924 жылы 27 қазанда БОАК (ВЦИК) осы шешімге заң күшін бере отырып бекітті. 1924-1925 жылдары ұлттық мемлекеттік бөлу нәтижесінде Түркістан, Бұқара, Хорезм Республикаларының аумағында Өзбек КСР, Түркімен КСР, Өзбек КСР құрамында Қарақырғыз автономиялық облысы, Қарақалпақ автономиялық облысы мен ТАКСР-дың қазақтар мекендеген аудандары, Сырдария және Жетісу облыстары кірген ҚазАКСР (1925 жылы сәуіріне дейін Қырғыз АКСР, ал 1936 жылы – Қазақ КСР-ы деп аталды) құрылды.
4.Тұтас Түркістан идеясы және басмашылар қозғалысы
Қазақтың қайсар ұлдарының бірі Мұстафа Шоқай – ұлт азаттығы жолында құрбан болған қайраткер. Рухы биік азат ұлдың жүрегі Алаш деп соқты. Қазақ үшін жан аямай күресті. Ойы да, сөзі де ұлттың бостандығы болған рухы биік азаматтың ХХ ғасырдың басында жазған азат ойлары әлі күнге өз бояуын жоғалтқан жоқ. Қайраткердің әр шығармасынан тың деректерді кездестіруге болады. Бұл еңбегін белгілі зерттеуші ғалым Бақыт Садықованың «Мустафа Чокай» атты кітабынан аударып, қазақ тіліне тәржімалаған Есенкелді Төреқұлов.Басмашылар қозғалысының бастауы Әр нәрсенің өзіндік тарихы бар. Әрбір сөздің орны да солай. Этимологиялық көзқарас бойынша «басмашы» сөзі түркілердің «basmak» етістігінен пайда болған. Бұл «қысу», «басу», «бұзу» деген мағыналарды береді. Сонымен өзбек тілінде «basmaji» – «басбұзар», «тонаушы», «қылмыскер» деген сөз. Әйткенмен бүгінде бұл өзінің алғашқы мағынасын жоғалтты. Қазіргі кезде бұл сөз Түркістандағы кеңеске қарсы ауқымды қозғалысты білдіреді. Түркістанда бұл «басмашы» сөзі өзінің (кеңестік емес қолдану түрін айтып отырмын) мағынасын жоғалтып, халықтық көтерілістің, кеңестерге қарсы күресте қарулы бас көтеруге белсенді қатысу синониміне ие болды. Ол мұсылмандар әлемінде ерекше маңызы бар арабтардың «musayid» сөзінің мәніне айналды. Қазан төңкерісі «басмашы» (басбұзар) сөзінің қасиетті іс жолындағы күресуші деген мағынаға ие болуына ықпал етті. Кеңес Одағының аумағындағы кеңеске қарсы қозғалыс түрлерімен салыстырғанда ең ықпалдысы Түркістандағы басмашылар қозғалысы болды. Кеңес әскерлерінің Түркістан Қоқан Автономиясы (1918 жылдың ақпаны) үкіметіне қарсы қанды қақтығыс күндерінің жеңілісінен соң да басмашылар қозғалысы ұзақ жылдар бойы көптеген халықтар арасында танымалдығын сақтап қалды. Орталық Азияның әртүрлі аумақтарында уақыт кезеңдерімен шағын көтерілісшілер топтары бой көрсетіп отырды. Қазан «революциясының» он жылдығын мерекелеу қарсаңында Хиуа ханы Саид Асфендиярды тағынан құлатқан бұрынғы хиуалық түркімен көсемі Жунаид хан бандасының пайда болуы кеңес үкіметін біршама әбігерге салды. Көпжылдық қақтығыстан соң кеңес үкіметі Жунаид ханмен келісімге барды. Бірақ, Жунаид ханның бұрынғы жақтастарын қуғынға салып, сонымен қатар олардың кейбіреулерін дарға асқан соң ол қайтадан Кеңестерге қарсы көтеріліс туын көтерді.
Оған қарсы барлық кеңестік Түркістан жұмылдырылды, теміржол бойын Кеңестер «қауіпті аймақ» деп жариялады. Революциялық әскери комитет шақырылып, большевиктерге қарсы қозғалысты басу және басмашыларға қарсы үгіт жұмыстарын жүргізу үшін өткендегідей Төтенше Комиссия құрылды. Кеңестік газеттер Жунаидқа қарсы күрес барысының нәтижесін атап көрсетіп отырды. Бірақ, кеңес өкіметінде қозғалысты толығымен жойып жібергендігі жайында сенім жоқ еді.
Жунаидтың да кез келген басқа құрбашы (атаман) сияқты кеңес әскеріне қарсы өзінің жорығын жаңартуға, қайта бастауға ешқандай мүмкіндігі болмады
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. 1.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев —Алматы"Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясы, 1998 — 4б.
2. Сабыров С. Қазақстан тарихы. 2—ші басылым Алматы: Ғылым, 2002–170 б.
3. Омарбеков Т. Қазақ шаруаларын жеке меншік қожалықтарынан айыру және ұжымдастыру: тарихы мен тағылымы". // Тарих ғыл. докторы. дисс. авторефераты.— Алматы, 1994 — 35 б.
4. Омарбеков Т. Атабаев Қ. "Кооперативтендіру сабақтары.// Лениншіл жас, 1988—№ 31, 3–4 тамыз, 7б.