2 бөлім. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5 тақырып. ПЕДАГОГИКА АДАМ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕ
Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы.
Педагогикалық ғылымдарда пәнаралық ұғымдар
Педагогикалық ғылымдар жүйесі.
Педагогика жалпы адамзат баласын тәрбиелейтін ғылымның негізгі саласы. Педагогика гректің «пайдос» - бала, «аго» - жетелеу деген сөзден құралады. «Баланы жетелеу» - деген мағынаны береді. «Пайдогогос» - баланы жетелеп жүруші дегенді білдіреді. Қоғамның даму үдерісіне сәйкес педагогика да балаға тек тәрбие беріп қоймай, білім, білік, дағдыларын, шынайы болмысты қалыптастыратын рухани құндылықтарын дамытатын, қолданбалы ғылымның саласы, оқу пәні ретінде қалыптасты. Педагогика білім және тәрбие беру туралы бірден-бір арнайы ғылым болып табылады. Ғылымды кеңірек мағынада шындық өмір туралы объективті білімдерді жасау және теориялық жинақтау іске асатын адами әрекеттің бір саласы деп қарастырады. Ғылым-ғылымның құралдары мен әдістері пайдаланылатын және зерттелетін нысандары туралы білімдердің қалыптасуымен аяқталатын объектіні жүйелі және мақсатқа бағытталған түрде зерделейтін таным үдерісінің ерекше түрі. Ғалым сол ғылымда жинақталған білімнен, жалпы адами тәжірибеден алынған ақпаратқа сүйенеді, ол ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған және ғылымда белгілі бір олқылықтардың орнын толтырады. Зерттеу барысында танымның арнайы құралдары қолданылады: модельдеу, болжам жасау, эксперимент жүргізу және т.б.
Педагогика – қазіргі адамтанудың саласы. ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысында кез келген елдің тұрақты өркендеуін қамтамасыз ететін ең басты фактор – адам. Өркениеттте адам рөлінің күшеюі, адами капиталдың қоғам дамуының негізгі ресурсына айналуы адам туралы ғылымдардың ішінде ең алдымен білім беру туралы арнайы ғылым педагогиканың маңызын арттырды.
Ғылым – қоғамдық сананың бір түрі. Ғылым сол ғылымда жинақталған білімнен, жалпы адами тәжірибеден алынған ақпаратқа сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |