3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Кәсіби педагогикалық құзіреттілік және педагогикалық шеберлік



бет4/106
Дата29.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспар-emirsaba.org

Кәсіби педагогикалық құзіреттілік және педагогикалық шеберлік.
Адамзат қоғамының бүгінгі даму қарқыны бүкіл дүние –жүзілік білім беру кеңістігінде өзара ынтымақтастықта болу,өзара озық тәжірибемен бөлісуді талап етеді. ХХI ғасырдағы білім беру мәселелері бойынша халықаралық комиссияда « Образование: сокрытое сокровище ( Білім беру: ашылмаған асыл қазына)» (1996 ж.) тақырыбында жасаған баяндамасында Жак Делор білім беруге негіз болатын адамның жалпы негізгі құзіреттіліктері ретінде төрт тұғырнаманы атап өтеді: танып білуге үйрену, істеуге үйрену, бірігіп өмір сүруге үйрену, өмір сүруге үйрену.
Қазіргі ғылыми психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде білім берудегі құзіреттілік мәселелрі ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты талқылануда.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында жан-жақты қарастырылып жоғары оқу орындарын бітіруші жас мамандардың білімділік деңгейлеріне байланысты қойылатын талаптар ретінде:
1.Жалпы білімділіктеріне қойылатын талаптар
2.Әлеуметтік-этикалық құзіреттеріне қойылатын талаптар.
3.Кәсіби құзіреттеріне қойылатын талаптар.
4.Өзгермелілік пен белгісіздіктің кең таралуы жағдайында әлеуметтік, экономикалық ,кәсіби рөлдерді ауыстыра алу даярлығына, географиялық және әлеуметтік мобильдігіне қойылатын талаптар.
5.Оқу пәндерінің негізгі циклдары бойынша білмділіктеріне қойылатын талаптар.
6.Жеке пәндер бойынша білімділіктеріне қойылатын талаптар анықталған.
«Құзірет»,»құзіреттілік», ұғымдары бүгінгі педагогика саласындағы ғылыми айналымға салыстырмалы түрде жаңадан енген,терең зерттелу үстіндегі ұғымдар болғандықтан олардың анықтамасы да әр зерттеушімен әр-түрлі берілуде. Дегенмен көптеген анықтамалардың салыстырып талдау негізінде «қ»ұзіреттілік»ұғымына байланысты зерттеушілердің көзқарастарында бір ортақ пікірлер байқалады.
Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясында құзірет ұғымы (лат. Competentia – жетемін, лайықтымын) екі мағынада түсіндіріледі: заңмен, жарғымен немесе өзге құжатпен берілген өкілеттіліктер шеңбері. Беглілі бір саладағы білім, тәжірибе, біліктілік.
Жаңа педагогикалық парадигма бойынша кәзіргі стандарттардың өзінде «білім, білік, дағды» ретінде қарастырылған білім беру нәтижелерінің орнына құзіреттілік қалыптастыру өмір талабына сай тұлғаның әлеуметтенуін, өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз ететін білім беру жүйесінен күтілетін нәтиже ретінде қарастырылуда.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – өркендеп өсіп келе жатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсенді араласуға дайын тұратын құзіретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анықталады.
Қазақстандық жалпы орта білім беру стандартына (2007 ж.) «құзіреттілік» және «құзірет» деген екі ұғымды ажырата қарастырып оларға мынандай анықтама беріледі.
Құзірет – тұлғаның табысты іс-әрекетке даярлығы, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді жұмсай алу қабілеті.
Құзіреттілік – оқушылардың әр-түрлі іс-әрекеттер түрлерін менгерумен анықталатын білім беру нәтижесі.
Ш.Т.Таубаева жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарттардың құзіреттілік форматында жасалуын зерттеу барысында құзіреттілік ұғымының мазмұнын ашуда оның үш түсініктемесін атап көрсетеді:
1.Өзінің ішкі әлеуетін асыруға қабілеті (даярылғы) мен ынталылығы.
2.Табысты шығармашылық іс-әрекет үшін практика жүзінде байқалған өзінің білім, іскерлік, тәжірибесін іске асыруға қабілеті.
3. Өз іс-әрекет нәтижелерінің әлеуметтік маңыздылығын жәнеи жеке жауапкершілігін түсінуі, оны үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін ұғынуы
Сонымен, осы түсініктемелердің негізінде Ш.Т.Таубаева құзіреттілік деп әлеуметтену және оқыту үрдісінде қалыптасқан және өздігінен іс-әрекетке табысты қатысуына бағытталған білім мен тәжірибеге негізделген жеке тұлғаның іс-әрекетке даярлығы мен жалпы қабілеттерінен байқалатын интегралды қасиетін түсіндіреді.
Педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін анықтауда көптеген зерттеушілердің көзқарастары мұғалім іс-әрекетінің бір қырымен байланыстырылып қарастырылады.Мысалы, Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекет негізінде құзіреттілікті «тұлғалық қасиет» деп қарастырса, Л.А. Петровская коммуникативтік құзыреттілік мәселесіне, М.В.Прохорова басқарушылық құзыреттілікке көп көңіл аударады.
Л.М.Митина өз зерттеулеріне «педагогиқалық құзыреттілік» ұғымының «білім, білік, дағдыны және оларды іс-әрекетте, қарым-қатынаста, тұлғаның дамуында іске асыру амалдары мен тәсілдерін»қамтитынын ашып көрсетеді.
Кәсіби құзыреттілік мәселесі халықаралық деңгейде Еуропалық кеңес форумдарында және ЮНЕСКО материалдарында жиі талқыланады. ЮНЕСКО құжаттарында құзыреттер (компетенции) білім беруден күтілетін нәтижелер ретінде қарастырылып олардың негізгі түрлері айқындалған.
В.А.Сластениннің. М.И.Мищенконың пікірлерінше педагогтың кәсіби құзыреттілігі іс-әрекетті атқарудағы теориялық және практикалық даярлықтарының бірлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет