Байланысты: 3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспар-emirsaba.org
7. Мұғалімнің тәрбиелілік іс-әрекетті ұйымдастырудағы кәсіптік құзыреттілігі. Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдеріске әсері. Педагог құзыреттілігі жоғары тұрғыда қабілетті, білгір, өзінің білімі немесе қызметі бойынша бір нәрсені істеуге немесе шешуге уәкілдігі бар деген мағынаны білдіреді. Құзыр, құзырлылық ұғым арасындағы өздеріне тән белгі нақты ажыратылмайды. "Құзыр", "Құзырлылық" ұғымына берілген анықтамалардың қай-қайсысын алмайық "қабілет", "біліктілік", "дайындық", "білім", "сапа" деген тірек сөздермен шектеледі, адамның кәсіби аймағындағы қызметінің "өлшемдік сәйкестігін" білдіреді. Бұл "құзырлылық" "құзыр" ұғымдарының мағынасының бірдейлігін емес, үйлесімділігін көрсетеді. Құзыр, құзырлылық ұғым арасындағы өздеріне тән белгі нақты ажыратылмайды. "Құзыр", "құзырлылық" ұғымына берілген анықтамаларыдың қай-қайсысын алмайық, "қабілет", "біліктілік", "дайындық", "білім", "сапа" деген тірек сөздермен шектеледі, адамның кәсіби аймағындағы қызметінің "өлшемдік сәйкестігін" білдіреді. Бұл, "құзырлылық" "құзыр" ұғымдарының мағынасының бірдейлігін емес, үйлесімділігін көрсетеді.
Тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыруда мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі оның біліктілігі мен қабілеті ретінде беріледі, қойылған мақсатқа жетудегі үдерістер мен құбылыстар арасындағы байланысты, тәсілдер мен құралдарды жетік біледі деген мағынада қолданылады. Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдеріске ықпалы маманның кәсіби шеберлігін, білімі, білігі, дағдысы, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, тұлғаға деген сүйіспеншілігі үлкен әсері бар. Білімін ұдайы жаңарту, нақты жағдаяттарда білімін ұтымды пайдалану үшін жаңа және әлемдік ақпараттарды меңгеру негізінде тәрбие үдерісін дамытуға ықпалы етеді: тұлғааралық және еңбектегі байланыс мәдениеті; қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік қырларын меңгеруі; қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы; практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті; нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
Жоғары оқу орындарында болашақ маманның тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыруда мұғалімнің кәсіптік құзыретілігі оқу танымдық,құнды-мағыналы, ақпараттық, коммуникативтік, өзін-өзі жетілдіру тұрғысынан қамтылады:
-болашақ мұғалімнің құнды түсініктермен, оның қоршаған әлемді сезіну және тану қабілеттермен, онда бағдарлану, өзінің рөлін саналы түсінумен байланысты құнды-мағыналы құзыреттілік;
-мақсатты білім және біліктермен оқу-танымдық іс-әрекетті жоспарлау, талдау, рефлексия, өзіндік талдаумен байланысты қалыптасатын оқу-танымдық құзыреттілік;
-Болашақ мұғалім іс-әрекетінің дағдысын оқу пәні мазмұнындағы, білім беру саласындағы және сонымен бірге қоршаған әлемдегі ақпараттармен қамтамасыз ететін ақпараттық құзыреттілік;
-айналадағы адамдармен және оқиғалармен қарым-қатынасын тәсілдерін, қажетті тілдерін, топта жұмыс істеу дағдысын, ұжымда әр түрлі әлеуметтік рөлдерді игеруді енгізетін коммуникативті құзыреттілік;
-физикалық, рухани және интелектуалды өзін-өзі дамыту, эмоционалды өзін-өзі реттеу және өзін-өзі қолдау тәсілдерін меңгеруге бағытталған тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі.
Тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыруда мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі тек ақпараттануын, ақпартты пайдалану біліктілігін емес, өз шешімін қабылдауға негіз ретінде пайдаланудағы тұлға сапасы,тұлғалық сипаттама ретінде қарастырады.