4. Тұлға тәрбиелігінің диагностикасы. Диагностика (грек сөзі-диа-айқын және гнозис-білім) зертелініп отырған объеті немесе үдеріс туралы алдын ала ақпарат алдын жалпы әдісі. Мысалы, әлемдік тәжірбиеден адам тұлғалық дамуын анықтау үшін арнай жасалған тесттер (өлшемдер) қолданылады. Ол дамудың жалпы және арнаулы сапаларын өлшейді. Ұсынылған тапсырмаларды адамның қалай орындалуына байланысты жан-жақты дамудың нақты өлшемдеріне орай қол жеткен деңгей туралы қорытынды жасалады. Сонан кейін алынған мәліметтер тұлғаның жалпы дамуына жас ерекшелік мүмкіндіктерімен салыстырылады. Мысалы, оқушының дене күшіне сенімділігін арттыру үшін әдетте денсаулығы жайын кешенді түрде тексеру, антропометрикалық әлеуметтік және психикалык мәліметтерді жиналу пайдаланылады. Адайда, ол арнаулы жабдықталған клиникалар тапсырма мен лабороториялардың арнайы даярланған қызметкерлерінің болуын талап етеді.
Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілері үшін басты мақсат – оқушылар ұжымын зерттеу, олардың ақыл-ой қызметін, мінез-құлықтың өзгеру себебтерін, талаптану деңгейін, белсенділігін, тұлғааралық қатынастырын, әлеуметтік мінез-құлқының және басқа да маңызды сапаларының дамуын білу болып табылады. Бұл жағдайда тұлғаның қажетті сапаларының зерттеп білудің барынша кең тараған түрі – тестімен жұмыс жүргізу. Тәрбие ісі қарама-қайшы жіне ұзақ үдеріс екені белгілі.
Тәрбиелік үдеріс нәтижелері деп тұлағаның немесе ұжымның қол жеткен тәрбиелік деңгейін айтамыз. Оның жоспарланған іске сәйкес болуы немесе одан ерекшеленуі мүмкін. Тәрбиелілік қалай айқындалады? Тәрбиенің қол жеткізетін нәтижелерін айқындау үшін тәрбиелік өлшемі падаланылады. Тәрбиелілік өлшем ұжымнын немесе тұлғаның түрлі спаларының қалыптасу деңгейінің теориялық тұрғыдан жасалған көрсеткіштері. Әдетте олар, атаулар шкаласы ретінде реттелінеді. Егер тәрбилік сапанын қалыптасу дәрежесіне шартты сандық баға алынатын болса онда оқу ісінде қолжеткізетін табыстар тестін жүргізу кезінде жасалатындай, тәрбиелілік денгейін сандармен көрсету арқылы салыстыру есебін жүргізуге болады.
Тәрбиеліліктің көптеген ішінен екі топты, мазмұндық және бағалау деп алуға болады. Біріншісі зерттелінетін сапанын көрсеткіштерін бөліп алумен, екіншісі анықталатын сапаның қарқынды кез келген көрінісін жазып алу мүмкіндігіне байланысты.
Соңғы нәтижелердің диагностикасы-тұлғаның немесе ұжымның тәрбиелілік деңгейі үшін тағыда жалпы өлшемдерді жекелеген қасиеттерді белгілерді және сапаларды айқындаумен байланысты аралық нәтижелерді талдаі үшін жекелік өлшемдері.
Біріншісі мақсатты айқындауға арналып жазылған талаптарды, екіншісі - тәрбиелік үдерістің нақты міндеттерін көрсетеді бағыттылығы, әдісі және өлшемді қолдану орны жөнінен тәрбиелілік шартты екі топқа бөлінеді:
Тәрбие нәтижелерінің сыртқы пішінінде- пікірлесуде, бағалауды, мінез-құлықтарды, тұлғанын әрекеттерінде көруге байланысты;
Тәрбиенің көзінен тыс құбылыстармен – дәлелдерменғ сенімдермен, жоспарлармен, бағалармен байланысты;
Оқушылардың тәрбиелілік деңгейін дұрыс бағалау – оның өмірінің түрлі жағдайларындағы әәлкуметтік қарым-қатынастағы мінез құлқына әділ баға беру болып табылады.
Педагог оқұшыларды зерттеуге кіріскенде нені зерттейтінін, не нәрсеге көңіл бөлетінін өзі айқын біліп алуы кажет. Оқұшының тұлғалық қыры неғұрлым кең және жан-жақты зерттелетін болса, соғырлым оған дұрыс жол табуды қамтамасыз ету жеңіл болады;
Оқушыларды зерттеудің үлгі бағдарламасы:
оқушы туралы жалпы мәлімет, аты-жөні, туған жылы, айы, күні.
Жалпы даму деңгейі;
Әлеуметтік адамгершілік қасиеті, келбеті, еріктілігі, еркіндік негізінде атқаратын жеке-топтық жұмыс;
Жеке басының негізгі белгілері;
Тәжірбиеде бәрінен гөрі «Адамға адамгершілік неге керек?» және т.б сұрақтар пайдаланылады. Оларға берілген жасаутар түрлі саналарды тәрбиешіге және тәрбиеленушіге өз қасиеттерін жақсы талдауға және оларды санада сақтауға көмектеседі.
Педагогикалық-диагностикалық зерттеуде ең маңызды әдістердің бірі контект талдау әдісі, зерттеуге алынған объектіден жазбаша шығарма, хат, эссе жазу арқылы оқушының іс-әрекетіне мазмұнды талдау жасалады. Жиі жүргізетін контект – талдау әдісінде оқушыға жекелей тұлғалық сипаттама бере аламыз.
И.М.Борытко тұлғаның тәрбиелігі мен білімділігіне диагностикажүргізуде төмендегі шарттарды ескеру керектігін ұсынады:
- сапалық және сандық сипаттама жасау;
- зерттелушінің сапалық және сандық сипаттамасын бағалау критерилерін құрастыру;
- айқындалған критерилер зерттеу барысында қаншалықты кездесетінін айқындау;
- сипаттамадағы анықталған мүмкін болған себептерді жіктеу;
- зерттеу барысында айқындалған кемшіліктерді жоюдың жолдарын көрсету;
- зерттеу барысында айқындалатын жағымды тәрбиешіні насихаттаудың қажеттілігін неіздеу.
Тәрбие жұмысы тиімділігінің психологиялық-педагогикалық диагностикасының әдістері. Педагогикалық – психологиялық диагностикалық эксперимент барысында әдістердің кешенін: анализ, синтез, жобалау, индукция, дедукция, идеалдық, ойша эксперимент, салыстыру, жинақтау, маңызына қарай талдау, топтастыру т.б қамтиды.
Педагоикалық диагностика барысында тұлғаның бойында адами құндылықтарды қалыптастыру, тәрбиенің кешенді жүргізілуі мақсат, міндеттері, мазмұн, әдіс пен формалардың өзара әрекеттестікте іске асуы көзделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |