10.2.Сабақтың типологиясы және құрылымы. Сабақ типтері туралы көптеген ғылыми жұмыстар арнайы жазылған.Анықтаушы белгілеріне қарай сабақтардың жіктелуінің бірнеше тәсілдері де бар. Мысалы, сабақтар былайша жіктеледі: дидактикалық мақсатына қарай (И.Т.Огородников, И.Н. Казанцев), сабақты ұйымдастыру мақсатына, мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарай (М.И.Махмутов), оқу үдерісінің негізгі кезеңдеріне қарай (С.В.Иванов), сабақ үстінде шешілетін дидактикалық міндеттеріне қарай (Н.М.Яковлев, А.М. Сохор), оқыту әдістеріне қарай (И.Н.Борисов), оқушылардың оқу әрекеттерін ұйымдастыру тәсілдеріне қарай (Ф.М.Кирюшкин).
М.И.Махмутов ұсынған сабақ құрылымы сабақты ұйымдастыру , жалпы дидактикалық мақсатына және оқылатын материалдардың мазмұнының сипаты мен оқушылардың меңгерген деңгейлеріне қарай бөлінеді.Осы тәсілге сәйкес сабақ бес типке бөлінеді: 1-тип- жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы, 2-тип-білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды жетілдіру сабақтары, 3-тип-білімді қорыту және жүйелеу сабақтары; 4-тип- аралас сабақтар; 5-тип- білімді,іскерлікті, дағдыны бақылау және түзету сабақтары. Бұл жіктеудің түрін көптеген теоретиктер мойындамаған күннің өзінде де, оның болашағы бар деп айтуға болады. Сабақ құрылымы мен оқу жұмысының ұйымдастыру формасына қазіргі заманғы сабақтың теориясы мен практикасының негізгі түсініктері жатады. Себебі, ол белгілі дәрежеде оқытудың тиімділігі мен оның нәтижелілігін анықтайды. Сабақтың қандай элементтері және бөліктері құрылымдық деп есептелінеді, қайсысы есептелінбейді? Бірақ та бүгінгі таңда педагогика ғылымында бұған бірыңғай көзқарас жоқ. Кейбірі сабақ практикада жиі кездесетін элементтерді бөліп көрсетеді. 1) жаңа материалды меңгеру, 2) өткенді бекіту, 3) оқушылардың білімін тексеру мен бағалау, 4) үй тапсырмасы, 5) білімдерді қорыту мен жүйелеу. Басқалары – сабақтың мақсаты оқу материалының мазмұны, оқытудың әдістері мен тәсілдері, оқу әрекетін ұйымдастыру әдістері деп қарастырады.
10.3. Сабақтың логикалық-психологиялық, дидактикалық және әдістемелік құрылымының арақатынасы.Сабақтың құрылымдық бөліктерінің өзара әрекеті-ақиқат нәрсе. Оқыту үдерісі мұғалім әрбір бөлікті жеке алғанда және оның сабақтың басқа бөліктерімен өзара әрекеттесу қызметінің бірлігін түсінгенде ғана тиімді болады. Жаңа білімдердің қалыптасуы тек бұрынғы бар білімдерге сүйенгенде, ал дағдылар мен іскерліктерді жаттықтыру жаңаны меңгергенде ғана мүмкін болады. Бұл жағдайда олардың реті әр сабақта әр түрлі. Бұл жөнінде М.И.Махмутовтың еңбегінде толығымен айтылған. Сабақтың дидактикалық құрылымы бұрынғы материалды қайталауда емес, мұғалімнің түсіндіруі немесе мәселелік жағдаят жасау, бұрынғы мәселелерді шешу болжамын ұсыну барысында жаңа түсінікті енгізуден басталуы мүмкін. Ұсынылған болжамды дәлелдеуде сабақтың басында алдыңғы сабақта оқылған білімді қолдануға қажет өззектендіру жүруі мүмкін.
Аралас сабақты өткізудің реті – ұйымдастырудың сәті, үй тапсырмасын тексерту, өткен материалды оқушыдан сұрау, жаңа материалды оқып-үйрену, оны бекіту және үйге тапсырма берумен аяқталады.