3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербес, фронтальді формалары



бет87/106
Дата29.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111706
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   106
Байланысты:
3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспар-emirsaba.org

10.4. Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербес, фронтальді формалары. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың жаппай түрі деп – мұғалім мен оқушылардың сыныптағы әрекетін, яғни оқушылардың бірдей тапсырманы барлығы бірге талдап, бірдей орындауы және қорытындыларын салыстыруын айтамыз. Мұғалім жұмысын бір уақытта барлық сыныппен жүргізеді, ол яғни оқушылармен тікелей байланыста болып, түсіндіру, көрсету, айту кезінде, оқушыларды осы тақырыпты қызықты етіп талқылауға баулиды. Осындай әдіс нәтижесінде мұғалім мен оқушылар арасында, оқушылар мен оқушылар арасында сенімді қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік береді, балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелейді, оқушылар талдау мен сөз таластыру барысында сыныптастарының және өз қателерін түзеп үйренеді, бұл олардың әрекеттерінің белсенді болуына көмек береді. Оқытуды ұйымдастырудың жаппай формасы әртүрлі сұрақтарды көтеру, ақпараттық және түсіндірмелі шығарма, репродуктивті, шығармашылық тапсырмалар арқылы да жүзеге асуы мүмкін. Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушының жұмысқа деген белсенділігін көтеруге болады. Мұғалім тапсырмаларды әр оқушының дара мүмкіншіліктеріне қарай бөліп, сыныпты біріктіре отырып табысқа жетуге баулу керек.
10.5. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмысын ұйымдастырудың дара түрі. Бұл әр оқушы өзінің дайындығы мен мен оқу мүмкіншіліне сәйкес арнайы таңдалған тапсырманы өз бетімен орындайды дегенді білдіреді. Ондай тапсырмалар ретінде кітаппен, басқа да ғылыми әдебиетпен, әр түрлі білім көздерімен жұмыс, есеп шығару, мысалдар қарау, шығарма жазу, мазмұндама реферат, баяндама даярлау болуы мүмкін. Дара жұмыс бағдарланған оқытуда кең қолданылады.
Педагогикалық әдебиетте оқытуды ұйымдастырудың даралық түрінің дара және дараланған екі жолы ерекшелінеді. Алғашқысы – жалпы сыныпқа арналған тапсырманы оқушының басқа оқушылармен араласпай отырып бір қалыпты орындауы, екіншісі – оқушылардың оқу-танымдық әрекетінде арнайы тапсырмаларды орындауы болып табылады. Ол әрбір оқушының оқу қарқынын реттеуге оның даярлығына, оқу мүмкіндіктеріне сәйкес мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет