Ауызшажаттығулар логикалық ойлауды, есте сақтауды, тіл мәдениетін және оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі.
Жазбаша жаттығулар білімді қорытындылау мен оларды қолдана білуге үйрену үшін арналады. Жазбаша жаттығулар ауызша және графикалық ауызша және графикалық жаттығулармен қатар жүреді.
Графикалық жаттығуларға оқушылардың сұлбалар, сыхбалар, кестелер, технологиялық карталар, альбомдар, плакаттар, қабырға газерттерін дайындауы, зертханалық-сарамандық жұмыстарды өткізудегі тыңдауы, саяхаттар және т.б. жатады.
Оқу-еңбектік жаттығуларға өндірістік-еңбек бағытына ие оқушылардың практикалық жұмыстары жатады. Бұл жаттығулардың мақсатына оқушылардың теориялық білімдерін еңбекке қолдану болып табылады. Мұндай жаттығулар оқушыларды еңбекке баулуға көмектеседі.
Зертханалық жұмыстар – оқушылардың құрал-жабдықтарды және басқа да техникалық көрнекіліктерді пайдалана отырып, мұғалімнің тапсырмасы бойынша тәжірибелерді өткізуі, яғни бұл оқушылардың арнайы құралдар арқылы білімді меңгеруі.
Практикалық жұмыстар оқу материалының үлкен бөліктерін игергеннен кейін жүргізіледі және жалпылама қорытушы сипатқа ие болады. Олар тек сыныпта ғана емес, мектептен тыс жүргізулері мүмкін(мектеп жанындағы: үлестегі жұмыс, жергілікті жердегі өлшеу жұмыстары).
11.3.Оқыту тәсілі және оның дидактикалық мағынасы. Сырт көзге оқыту тәсілдері бір-бірімен ұқсас, тіпті бірдей тәрізді көрінгенімен же, шын мәнінде, оны дидактикалық міндеттермен байланыста қарастырсақ, онда олардың мүлде ерекше екені байқалады. Тәрбиелеу және дамыту зертханасының зерттеулерінің нәтижесі бойынша математиканы оқыту тәсілдері, практикада іске асты. Бұл оқыту тәсілдері бастауыш оқытудағы эксперименттік тәсілдерінің бір бөлігін құрайды, кіші жастағы мектеп оқушыларын жалпы дамыту бағытын көздейді.
Дидактикалық міндет пен оқыту тәсілінің арасында міндетті атқару түрлі әдістерді қолдануға болатындығында. Бұл ретте мынадай мынадай міндеттерді белгілеп көруге болады: 1) оқушыларды объектінің сыртқы түрімен және құрылысымен таныстыру; 2) құбылыстар арасындағы байланысты, көрнекі объектілерді бақылау негізінде тану.
Оқыту әдістерінің көптүрлілігі. Қазіргі заманғы дидактикада оқыту әдістерін жіктеудің сан алуан тәсілдері. Оқыту әдістеріне сипаттама: сөздік, көрнекілік, практикалық. Оқыту әдістерінің, құралдары мен тәсілдерінің өзара байланысы.
Ғалымдар әдістерді классификациялау және жүйелеу төңірегінде (А.П.Пинкеевич, А.Ф.Евстигнеев-Беляков, Н.М.Шульман, Ш.И.Ганелин және т.б.) қызмет еті. «Дидактикалық әдіс» түсінігінің көпқырлылығын атай отырып, олар «әдіс» түсінігінің белгілерін (оқу материалдарының логикалық түсіну жолдары, педагогикалық ықпал ету құралы, оқушылардың белсенділік деңгейі, т.б. ) талдады. Әдістерді классификациялау негізіне фармальды логика ұғымында қолданбақшы болды. Әдістер жүйесі мен оларды классификациялау принциптеріне биологиялық тұжырымдамалар алынып, диалектика заңдарын оқыту әдістеріне тікелей көшіру талаптары (О.В. Трахтанберг) және мектеп практикасынан алшақтық та болды(М.М.Рубинштейн, Б.С.Манжос). Әдістерді белсенді және белсенді емес, еңбекке қатысы бар және қатысы жоқ деп жіктеу, ерікті немесе еріксіз түрде, жеке немесе жалпы әдістер тобына әмбебаптық сипат беретін болды.