өндірістік қорлар
аяқталмаған өндіріс
қоймадағы дайын өнім
көлікке тиелген жолдағы тауарлар
ақша қаражаттары
Жалпы табыс– тауардың бағасы мен өнім көлемінің көбейтіндісі. TR = P×Q. Мұнда, TR (totalrevenue) –жалпы табыс; Р (price) –тауардың бағасы; Q (quant) – өнім көлемі.
Табыс – бұл фирманың өнімнің белгілі бір көлемін сатудан түскен жалпы түсімі. Жалпы түсім нарықтағы тауардың бағасына және өткізілетін өнімнің көлеміне тәуелді болып табылады. Алайда, фирманың табыстарын пайдамен шатастыруға болмайды.
Орташа табыс– өнімнің бір бірлігін сатудан түскен түсім және ол жалпы табыстың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады: AR = TR / Q. Мұнда, AR (average revenue) –орташа табыс.
Шекті табыс– өнімнің келесі бірбірлігін сатудан түскен қосымша түсім және ол жалпы табыс өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады:
MR = ∆ TR / ∆Q
мұнда, МR (marginal revenue) –шекті табыс.
Пайда дегеніміз–бұл тауардың нарықтық сату бағасы мен оны өндіруге жұмсалған шығындардың айырмасы. Пайданың факторлары:
Пайда дегеніміз–бұл тауардың нарықтық сату бағасы мен оны өндіруге жұмсалған шығындардың айырмасы. Пайданың факторлары:
Пайданың атқаратын қызметтері
1. Бөліп-тарату қызметі– орындауға арналған бағдарламалар мен стратегияларды қаржыландыру мақсатында ақшалай қаражат қорларын құру, капиталдың оңтайлы құрылымын жасау және банкротқа ұшырау қаупін мейлінше төмендету.
2. Ынталандыру қызметі– өндіріс шығындарын барынша төмендету, жаңалықтар мен инновацияларды енгізу, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін өндірісте пайдалану.
Құру факторлары: 1) өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатудан түскен түсім;
2) материалдық және материалдық емес қорларды сатудан түскен түсім;
3) негізгі құралдарды сатудан түскен түсім;
4) басқа әрекеттерге қатысудан келген табыстар;
5) құнды қағаздардан келген табыстар;
6) айыппұлдар мен өсімпұлдар.