№3 Талапкер орта мектебінің логопеді: Аубакирова А. С. №3 Талапкер орта мектебінің 2018-2019 оқу жылына арналған мектеп логопедінің жұмысы Мақсаты



бет5/7
Дата31.12.2021
өлшемі419,02 Kb.
#23354
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
000fd67c-e68093ba

Құрметті ата-аналар!

Үй тапсырмасын орындау барысында төмендегі шарттарды сақтау қажет:

1. Егер де баланың дені сау, тамақтандырылған, ұстамды болған жағдайда ғана үй тапсырмасын орындауы қажет. 2 Үй тапсырмалары жүйелі түрде, күнделікті, логопедтің үсынғаны бойынша орындалып отыруы қажет. 3 Міндетті түрде баланың тапсырмаларды орындау үшін кішкене айнамен жабдықталған (баланың тапсырмаларды орындау барысында өзін өзі бақылау үшін) орны болуы қажет, сондай –ақ артикуляциялық жаттығуларды орындау үшiн қағаз майлықтары, түрлі түсті қарындаштар болуы тиіс т.б. 4 Тапсырмаларды бала өзі орындауы тиіс, ата-ана тек қана тапсырмалардың дұрыстығын бақылайды және керек жерде түзетулеріне болады. 5 Егер де бала тапсырмаларды орындау барысында шаршап қалса, оған демалуға мүмкіндік беру керек. Егер бала орындамағысы келсе, онда кейін бірақ міндетті орындалуы тиіс. 6 Егер де бала тапсырмаларды орындай алмай отырса, оны еш уақытта балағаттауға болмайды, алдында алған білімдерін жоғалтпау үшін өз күштері мен мүмкіндіктеріне сендіру үшін мақұлдаңыз, келесі тапсырманы орындатыңыз. 7 .Балаңызды жиiрек мақтаңыз, өз күштерiндегi сенiмдiлiгiн қалыптастырыңыз, жетiстiк ахуалын құрыңыз. Адамның денсаулығы, денесінің дамуы мен ойлау қызметі оның дұрыс демалуына тікелей байланысты.Мысалы, сол және оң мұрын қуыстарымен арнайы тыныс алу жаттығулары мидың жұмыс істеуін жақсартады. Шыныққан тыныс алу бұлшық еттері адамның қаншылықты жұмысқа шыдамдылығын анықтайды, ағзаның суық тию аурулары және басқа ауруларға қарсы тұру қабілетін жақсартады. Дұрыс тыныс алу үшін тыныс алу бұлшық еттерін басқара білу қажет және әрдайым оны дамытып отыру керек. Бірақ, мектеп жасына дейінгі балалардың тыныс алу бұлшық еттері әлсіз, сондықтан оларға арнайы тыныс алу жаттығулары жасалған. Нүктелі уқалау – өз ағзаңа көмектесудің ең қарапайым түрі. Нүктелі уқалау жаттығулары балаларды өз денсаулығына қамқор болуға үйретеді және суық тиіп аурудың алдын алады. (СЛАИД –өзін- өзі уқалау) 1. Екі алақанды қосып, оларды қызғанша ысу. 2. Сілтеуіш саусақтармен мұрын қуысы жанындағы нүктелерді басу. 3. Сол жақ мұрын қуысымен ішке дем аламыз (оң жақ мұрын қуысын сілтеуіш саусақпен жауып тұрамыз), оң жақ мұрын қуысымен демді сыртқа шығармыз (сол жақ мұрын қуысын жауып тұрамыз). 4. Мұрын қуыстарымен ішке дем аламыз, ақырын ауыз арқылы сыртқа дем шығарамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет