№3 Талапкер орта мектебінің логопеді: Аубакирова А. С. №3 Талапкер орта мектебінің 2018-2019 оқу жылына арналған мектеп логопедінің жұмысы Мақсаты


Егер балаңыз әріптерді дұрыс жазбайды



бет6/7
Дата31.12.2021
өлшемі419,02 Kb.
#23354
1   2   3   4   5   6   7
Егер балаңыз әріптерді дұрыс жазбайды,

ұмытады, ауыстырады

  1.    Сіздің балаңыз оң және сол ұғымдарын айыра алады ма? Ол келесі тапсырмаларды дұрыс орындау қажет: өзіңнің сол аяғыңды, оң құлағыңды көрсет. Өзіңнен оң жағында, сол жағында не бар? Егер бала әріптің бағытын ауыстырса, ол кеңістікте бағдарлаудың кемшілігі.

 2.    Сіздің балаңыз алты бөліктен тұратын суретті құрастыра ала ма? Егер ол суретті құрастыруда қиындықтарға кез болса, ол көріп-тану –кеңістіктіктің анализ бен синтездің кемшілігін білдіреді. Бала әріпті оңай есте сақтау үшін келесі тәсілдерді қолдануға болады:

-бала сіздің жазған «алып»әріпті бояуштритау керек.

–ермексаздан әріпті істеу.

– контур бойынша әріпті қию.

– әріпті ауада жазу.

– сол әріпке ұқсас заттарды атау.

– әріптің үстінен жазу.

– контур бойынша әріпті жазу.

–нүктелермен әріпті жазу.

Баланың өздік жазуы міндетті түрде әдемі болуы тиіс емес. Негізі оны жатжазуға дайындап, әріптердің дұрыс жазылуын қадағалау қажет.

Жазу түзу және әдемі болмай, бірақ әріптері тізбекті дұрыс сақталса, ол өте маңызды нәтиже.

ЛОГОПЕД КЕҢЕСІ

Логопедтің мектепте жүргізетін негізгі міндеті – тіл бұзылысы бар оқушыларды анықтап,  оқушының жеке-дара ерекшеліктерін, тіл бұзылысының түрін ескере отырып  жағымды психофизиологиялық жағдайда жан-жақты түзету жұмысын жүргізу.

Оқушыларды логопедиялық тексеріс өткізудің негізгі мақсаты – тілінің даму деңгейі жас ерекшелігіне сай келе ме, тілінің даму деңгейін, кемшіліктерін  анықтау.

Логопедиялық тексеріс жүйелі түрде әр түрлі көрнекі-құралдардың көмегімен, логопедтің басшылық етуімен  жүзеге асады. Әр оқушы жеке-дара тексеріледі. Логопедиялық тексерісте оқушының артикулляциялық аппараты, сөздік қоры, дыбысты айтуы мен ажыратуы, фонематикалық есту қабілеті, тілінің грамматикалық құрылысы, сөйлеу тілін түсінуі, жалпы тіл байлығы тексеріледі.    Тексеріс барысында оқушының мінез-құлқына, тіл байлығына, тілінің дамуына ерекше назар аударылып, логопедиялық қорытынды жасалады.



 Логопедиялық тексеріс – логопедиялық жұмыстың негізі бастауы, көзі болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет