3-тапсырма Құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік және белсенді іс-әрекеттік тәсілдемелер



бет3/6
Дата29.04.2022
өлшемі32,28 Kb.
#32773
1   2   3   4   5   6
Белсенді іс-әрекеттік тәсілдеме - нәтижеге жеткізетін ең тиімді тәсілдеме , өйткені адамның жадында бірінші кезекте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Сонымен бірге оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылыларын қалыптастыруда күтілетін нәтижеге бағдарланған  оқу мақсаттарының жүйесі негізге алынды.  Мәселен:

1) бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл сыныппен);

2)  жеке және  бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары;

3)  жағдаяттық және рөлдік ойындар;

4)  дереккөздермен жұмыс жасау. (кітап, интернет, құжаттар);

5)  шығармашылық жұмыстар.

Сауат ашу сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдану бастауыш  сынып оқушыларының мүмкіндіктерін ашып, қызығушылықтарын арттырады, белсенділіктерін дамытады.

Осы тұрғыдан сабақ өткізу аясында жаңартылған білім бойынша  өзімнің тәжірбиемнен мынадай  әдістерді қолданып жүрмін. Солардың бірі  «қара  жәшік» ойыны. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Үстел үстіне екі жәшік қойып ішіне көзілдірік, түйме, гүл, желпуіш, айна, т.б. заттарды салады. Ойыншының  міндеті жәшік ішіндегі затты өмірде қай кезде, қалай қолданатынын сипаттап айтуы керек. Қарсы топ  олардың   жасырып  отырған затын айтқан сөздеріне қарап табуы керек.

Ертегілер елінде аталымында драмалық  қойылымдар болды, олар қойылымды қойған кезде кейіпкерді  сипаттап,  рольдерді орындап сомдайды. Сол кезде әр баланың  қай жағынан   қандай  рольді жақсы ойнай алатындығын байқай аласын.  Мысалы бірі дауыс ырғағы жақсы болса, бірі  мәнерлеп оқып айта алуы  сәтті  шығып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет