3-тапсырма Құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік және белсенді іс-әрекеттік тәсілдемелер


Қазақ тілі пәнінде қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер



бет5/6
Дата29.04.2022
өлшемі32,28 Kb.
#32773
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 тапсырма

Қазақ тілі пәнінде қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер.

Бүгінгі таңда білім беру ісіне ерекше көңіл бөлініп, қолға алынып отыр. Соған сәйкес білім саласына заман ағымына сай жаңа бағдарламалар, жаңа технология әдіс-тәсілдері енгізілуде. Оқушыларды Отанын сүюге, адамгершілікке, ізгілікке баулу – ұстаздардың парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өз пәнін меңгертуде рухани, шығармашылықпен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа реформаны, технологияны меңгерген, білімі мен білігі жоғары деңгейде болуы шарт.

Қазақ тілін оқытудағы басты мақсат – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан тұлға тәрбиелеу, оқушылардың өзара белсенді әрекеттер арқылы өздігімен білім игеру, оны іздену, құрастыру, ой-өрісін кеңейтуде ауызша сауатты сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін дұрыс қалыптастыру болып табылады.

Тұлғаның қалыптасуына қажетті басты құрал – тіл. Тілді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың ең басты бағыттарының бірі. Сондықтан оқушыларды қазақ тіліне қызықтыру және мемлекеттік тілді еркін меңгерту - бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болғандықтан, жаңартылған бағдарлама аясында қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынуға болады:

Мәселенің туындау себебі:

Ø Қазақ тілінде еркін сөйлей алмау;

Ø Оқушылардың тілдік қорының аздығы;

Ø Жаһандануда қазақ тілінің қолданыс аясының тарылуы;

Ø Оқушылардың шет тілдерге еліктеуі, орыс тіліне бейімділік;

Ø Ақпараттарды өзге тілде алу.

Мәселенің өзектілігі:

Ø Тілге деген қызығушылығы артады;

Ø Сөздік қоры бай адам айналамен жақсы қарым қатынаста болады;

Ø Өз ойын толық жеткізеді;

Ø Айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары қалыптасады. Мәселенің мақсаты:

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңартылған бағдарламаға сәйкес интербелсенді әдістерді пайдалана отырып:

Ø Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру;

Ø Білім көкжиектерін кеңейту;

Ø Өз пікірі бар, сауатты оқушыны дайындау;

Ø Ұлттық мәдениет пен әдебиетті, тарихты құрметтеуге тәрбиелеу;

Ø Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру көзделеді.

Күтілетін нәтиже:

Ø Қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдысы қалыптасқан;

Ø Өз ойын еркін жеткізе алатын;

Ø Айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары қалыптасқан;

Ø Тілдің қоғамдағы маңызын түсіне алатын;

Ø Эстетикалық талғамы жоғары;

Ø Рухани дүниесі бай жеке тұлға тәрбиелеу.

Нәтижеге жету жолдары:

ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

• Бірінші ереже. Сыныпты жұмысқа дайындау.

• Екінші ереже. Топқа бөлу.

• Үшінші ереже. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау.

• Төртінші ереже. Жұмыс ережелерін қабылдау.

• Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.

• Алтыншы ереже. Барлық үйренушілер жұмысқа қатысуы керек.

• Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалуы керек.

• Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар.

• Тоғызыншы ереже. Кері байланыс.

Сабақ барысында:

«Миға шабуыл», «Автор орындығы», «Ыстық орындық», «Уақыт тізбегі», «Хикая картасы», «Балық қаңқасы», «Дара диаграмма», «Буриме», «INSERT», «Аквариум».

Пікірталас, дөңгелек үстел, диалог, оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері:

Жаңартылған бағдарлама негізінде қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері: Ø оқушылардың қызығушылығын туғызады;

Ø әрқайсысының оқу үрдісіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

Ø әрбір оқушының сезіміне назар аударады;

Ø оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

Ø оқушыларға көп жоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

Ø кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады; Ø оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

Ø өмірлік машықтарды қалыптастырады;

Ø мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында жаңартылған бағдарламаның жүзеге асыру шеңберінде оқытудың интербелсенді әдістері және 30 интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Сондықтан оқу тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті.Осы шарттарды дұрыс орындағанда ғана, біз күткен нәтижеге қол жеткізіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудыра аламыз. Оқу барысында үйренушілер әрқашанда белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға үйренеді. Ал, мұндай азамат бәсекеге қабілетті, білімді, білікті, өресі жоғары, ел болашағын ойлайтын тұлға болып қалыптаса алады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет