3 тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары "Сақталу заңдары" бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата29.01.2023
өлшемі17,78 Kb.
#63577
Байланысты:
3 токсан 9 сынып бжб 1


3 ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
“Сақталу заңдары” бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 9.2.3.1-дене импульсі мен күш импульсін ажырату
9.2.3.2-импульстің сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Дене импульсі мен күш импульсін ажыратады
• Импульстің сақталу заңын есептер шығаруда қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейлері
Орындау уақыты 25 минут
1-нұсқа
1-тапсырма
3 м/с жылдамдықпен қозғалатын массасы 2 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең?
а) 3 Дж ә) 6 Дж б) 9 Дж в) 18 Дж г) 12 Дж (2 балл)
2-тапсырма
Жер бетінен 2 м биіктікке көтерілген массасы 3 кг дененің потенциалдық энергиясы қандай?
а) 1,5 Дж ә) 6 Дж б) 15 Дж в) 60 Дж г) 45 Дж (2 балл)
3-тапсырма
Потенциалдық деп қандай энергияны айтуға болады?
а) дененің козғалысымен байланысты энергия
ә) дененің молекуласымен байланысты энергия
б) деформацияланған серпімді дене энергия
в) ыстық дененің одан суығырақ денеге берген энергиясы
г) дененің жылдамдығының өзгеруімен байланысты энергия (1 балл)
4-тапсырма
Жазықтықта массалары m1=2 m2=4 кг болатын екі шар бір-біріне қарама-қарсы 2v1=v2=8 м/c жылдамдықпен қозғалады.Жүйенің импульсін табыңыз.
а) 0 ә) 32 кгм/с б) 16 кгм/с в) -16 кгм/с г) -32 кгм/с (2 балл)
5-тапсырма
Дененің жылдамдығы 2 есе азайса,оның кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?
а) 2 есе артады ә) 2 есе кемиді б) 4 есе артады в) 4 есе кемиді (2 балл)
г) өзгермейді
6-тапсырма
Массасы 1 кг дене бірқалыпты қозғала отырып,өзінің жылдамдығын 10 м/с-тан 20 м/с-қа өзгертті.Дене импульсінің өзгерісін анықтаңыз
а)10 кгм/с ә)-10 кгм/с б)20 кгм/с в)-20 кгм/с г)30 кгм/с (2 балл)
7-тапсырма
Дене импульсі қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?
а)Н ә)Нм б)кг в)кгм/с г)с (1 балл)
8-тапсырма
Қатаңдығы 10Кн/м серіппе 4 см-ге сығылғандағы,оның потенциалдық энергиясы қандай?
а) 6Дж ә)6,5 Дж б)7 Дж в)8 Дж г)2 Дж (2 балл)
9-тапсырма
30 м/с бастапқы жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған дененің ең үлкен көтерілу биіктігін анықтаңыз.
а)1,5 м ә)30 м б)45 м в)90 м г)4,5 м (2 балл)
10-тапсырма
Дененің биіктігі 3 есе артса,оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді?
а)3 есе артады ә)3 есе кемиді б)9 есе артады в)9 есе кемиді г)өзгермейді (2 балл)
Жалпы балл:18 балл

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет