30 қазақ орта мектебі


Сабақтың жоспарланған кезеңдері



бет2/3
Дата26.04.2023
өлшемі179,25 Kb.
#87037
1   2   3
Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Мұғалімнің іс-әрекеті



Қатысушылардың
іс-әрекеті


Сабақ басы
(5 минут)


Оқушыларды тақырыппен таныстыру. Тәуелсіздік тарихына шолу жасау.
Әнұран айту.





Қазақ елім,туды жастық дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын ағайын!
Тәуелсіздік құтты болсын,алыбым!
Құрметті оқушылар! Сіздерді еліміздің ең үлкен мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, бүгінгі тәуелсіздіктің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы мәңгілік» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның,
Болашағы бірлікте.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын орындаймыз.
Міне, Тәуелсіздік мерекесі де келіп жетті. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне биыл 31 жыл толады. Баршыңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мерекесімен құттықтаймыз. Біз ата- бабамыздың аңсаған арманы орындалып, қазақ елінің Тәуелсіз мемлекет атанып, көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімізбен көруге жазылған ұрпақпыз. Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Бұл тәуелсіздік оңай келген жоқ. 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады, 16-желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Осы жолда аға-апаларымыз көп күресті. Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларыңды тани біліңдер, олар: Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев,Қайрат Рысқұлбеков т.б
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бізге оны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік- Қайрат,Ләззат,Ерболдың
Тас көшеде, тас талқан боп өлгені.
Осы тәуелсіздікке жетуімізге өз үлесін қосқан батырларымызды мәңгі жүрегімізде сақтаймыз.

Оқушылар Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсінеді;
Туған еліне, жеріне деген сұйіспеншілігі артады;
Елі мен жері үшін күрескен батыр бабаларымыз туралы туралы біледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет