Жүйке жүйесі тірі ағзаның тіршілігін және негізгі қасиеті-тітіркенгіштікті қамтамасыз етіп,адамды сыртқы ішкі ортамен байланыстырады. Анатомиялық тұрғыдан жүйке жүйесі орталық және шеткі болып бөлінеді. Орталық Жүйке жүйесіне бас миы мен жұлын,шеткіге-шеткі жүйке түйіндері олардан шыққан талшықтар,талшықтардың терминальді ұштары жатады. Жүйке жүйесінің морфологиялық субстраты рефлекторлық доға. Жүйке жүйесі жүйке түтігі мен ганглиозды пластинкадан дамиды.
ЖҮЙКЕ КЛЕТКАЛАРЫ
А — сезімтал нейрон. Б — қозғалтқыш нейрон. Стрелкалар жүйке импульстарының берілуін көрсетеді.
1 - сезімтал нейрон; 2 – жұлын ми түйіні; 3 – миелинді жүйке талшығы; 4 - сезімтал жүйке аяақтамалары; 5 - жүйке аяақтамалары(бляшка) бұлшық ет талшығындағы; 6 - жұлын ми нерві; 7 - жұлын ми нервінің түбірі; 8 - эфферентті (қозғалтқыш) жұлынның алдыңғы мүйізінің нейроны.
БАЛАЛАРДАҒЫ ОЖЖ-НІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШКЛІГІ ДАМУЫНЫҢ ТОЛЫҚ ЖЕТІЛМЕУІМЕН СИПАТТАЛАДЫ. 7 ЖАСҚА ДЕЙІН МИ ҚАБЫ ЖӘНЕ МИ АСТЫ ҚАБЫНЫҢ КЛЕТКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ ҚАРҚЫНДЫ ДИФФЕРЕНЦИЯЛАНАДЫ. ӘСІРЕСЕ АЛҒАШҚЫ ЕКІ ЖЫЛДА БАС МИЫНЫҢ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙЫП,ОРГАНИЗМ ҚЫЗМЕТІНІҢ АРТУЫ БАЙҚАЛАДЫ. ЖАЛПЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮДЕМЕЛІ ӨЗГЕРІСІ 20-25 ЖАСҚА ДЕЙІН ЖҮРЕДІ.