42. Басқару мәдениетіне мысалдар Мектепті басқару мәдениеті, оның тұлға ретінде мектеп басқарудың технологиясы мен құндылықтарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің шығармашылық күш-қуатын танытуы. Басқару мəдениеті- ұйымның стилі мен атағын айқындайды.
Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Білім беру реформасы мұғалімнің жаңа мәртебесін –шығармашылық ой-өрісі кең, жаңа жағдайдағы жұмысқа әзір мұғалім-зерттеушіні қалыптастыруды талап етіп отыр. Ол оқытуға бағытталған жеке басқа бағдарланған, өзіндік және білікті тәсілдерінің әдістемелік негіздері мен оны іске асыру тетіктерін, пән бойынша білім беру мазмұнының базалық, кәсіби деңгейін, өткізетін сабақтар мен бейіндік, бейін алдындағы курстарды әзірлеу әдістемелерін білу керек. Сондықтан басқару жүйесінде әдіснамалық жұмыс білім қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін көтерудің және оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі құралы болып табылады. Адами қасиеттерді дамыту, бала бойына сіңіру мен қалыптастыруда мұғалімнің алатын орны ерекше десек, мектеп басқарушылары мұғалімнің қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін кәсіптік мәртебесі және әлеуметтік беделіне, шығармашылығына көңіл бөлу керек. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру жағын кеңіне қарастырған жөн.
Басқару тиімділігін қиындататын басты себептің бірі, басшының айқын белгіленген билігі бола тұрса да, қол астындағылардың күш-жігерін дұрыс бағыттай алмайтын кездері болады, Осы проблемаларды шешу үшін басшының бірден-бір қолданатын құралы – билік жүргізу, ықпал ету жəне жетекшілік ету.Ықпал ету мен билік жүргізу ықпал ететін жеке адамдарға, нақты жағдайларға жəне басшының қабілетіне байланысты. Ұйымдастыру жағдайында, билік жүргізу қызмет лауазымдарының бір-біріне бағынуына қарай белгіленеді. Əлеуметтік мінез-құлық факторларына байланысты, адамдар басшыға неғұрлым тəуелді болса, оның билігі де соғұрлым көп болады. Бұл факторларға қоғамның өзгермелі үміті, қарым-қатынасы мен əдет-ғұрпы жатады.
43. 44. 45. 46. 47. 48. 49. 50. 51. 52. 53. 54. 55. 56. 57. 58. 59. 60.