40. Педагог кадрлардың кәсіби қызметінің сапасы мен нәтижесін болжамдау Педагог – бұл кәсіби педагогикалық іс-әрекет субъектісі; оқушыларды кәсіби тәрбиелеу аймағын өз бетінше таңдап, олардың бақыты үшін тәрбие үрдісін жүзеге асырушы; өзінің кәсіби еңбегінің әлеуметтік-тарихи мағынасын жоғары және саналы бағалап, кәсіби шеберлігін әрі қарай дамытушы; саналы түрде адамгершілік бағытын тәрбиелеу үрдісінде жүзеге асырушы. Жалпы «педагог» деген түсінік болашақ жас ұрпақты тәрбиелеудегі кәсіби іс-әрекет ролі ретінде мәдениеттілік және адамгершілік сияқты көрністерінен тұратын мазмұнмен толықтырылады. Бүгінгі педагог – міндетті түрде гуманитарлық педагогиканы меңгеріп, оқыту теориясы мен әдістемесін игерген, шығармашылықпен жаңа идеяларды қабылдайтын, оқушыларды тәрбиелеуде және олармен қарым-қатынас жасауда, іс-әрекет барысында ізгілендіру тұжырымдамасының негізгі идеяларын жүзеге асыруға тиісті жеке тұлға болып саналады.
Педагогтың кәсіби оқытудағы іс-әрекет түрлері маман еңбегінің негізгі мазмұнын құрастырады және сол арқылы оның кәсіби қызметтері жүзеге асады.
Жоғарғы оқу орындарындағы педагогтың алдында тұрған басты міндет біріншіден, тәжірибе жүйесінің негізінде мәдениет элементі ретінде кәсіби іс-әрекетті қайта құру; екіншіден, оны қабылдауға және меңгеруге жеңіл болу үшін түсінікті етіп жеткізу. Мұндай міндеттерді шешу қызметтерді жүзеге асыру үрдісінде қамтамасыз етіледі.
Оқыту функциясы – педагогы іс-әрекетіндегі негізгілерінің бірі болып саналады. Бұл функция кәсіби маңызды ақпараттарды, яғни оқытудың мазмұнын студенттерге жеткізу және оның нәтижесінде арнайы білім, іскерлік, дағды жүйесін меңгерумен анықталады.
Тәрбиелеу функциясы – педагог сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта кәсіби қасиеттерін дамытып, оқушы жеке тұлғасын қалыптастырады. Бұл функцияның маңыздылығы нарықтық қатынастарына сай кәсіби оқыту жүйесіндегі өндірістік іс-әрекет үрдісінде дербес шешім қабылдау, алға қойған мақсатқа жету үшін талпыну, мәдени құндылықтары жоғары, іскерлік қасиеттері мен қабілеттері қалыптасқан түлекті шығарумен байланысты.
Дамыту функциясы – тәрбиелеу мен оқыту функциялары жеке тұлғаның дамуы негізінде жүруі тиіс. Педагогтың алдында тұрған маңызды психологиялық-педагогикалық міндеттердің бірі – қазіргі оқыту бағдарламасына сәйкес етіп, оқушы жеке тұлғасының психикалық және ой мүдделерін қалыптастыруды дамыту. Сонымен қатар, арнайы іскерлік пен дағдының дамуы кез-келген маман иесі үшін өте маңызды болып саналады.
Дәлелдеу функциясы – оқушы жеке тұлғасының ішкі қажеттілік себептерінің қалыптасуымен байланысты. Оның маңыздылығы – сана сезімнің жағдайын, белгілі әрекет бейнесін, құрылысын, формасын және оқушы іс-әрекетінің нәтижелілігін анықтайды. Оқу табысты болу үшін, оқыту іс-әрекетін белсенді қарым-қатынаста жоғары сатыға көтеріп, оқытуды болашақ мамандарды даярлау әрекетіне айналдыру.