41. Педагогикалық ұжымдағы пікір алмасу мен түсініспеушіліктерді мысалмен түсіндіру
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік және кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық және кәсіптік сипаттар тән.
Педагогикалық ұжымның өзіне тән ерекшеліктерінің бірі оның құрамында ер адамдардан гөрі әйелдердің басым болуы. Бұл өзара қарым-қатынасқа да әсер етеді. Ер адамдар басым басқа ұжымдарға қарағанда әйелдер ұжымы тез әсерленгіш, барынша дау-жанжалға бейім, көңіл-күйі де тез алмасады. Алайда әйелдер жаратылысынан тәрбие ісіне бейім, педагогикалық ықпал жасаудың әдіс-тәсілдерін таңдауда барынша икемді. Педагогикалық ұжымда әйелдердің басым болуы жаңа проблема емес. Алайда бұл проблеманы шешудің түрлі жолдарын қарастыруға болады. Өндірістік ұжым, ата-аналар арасынан ер адамдарды сыныптан тыс жұмыстарға, үйірмелерге тартуға болады.
Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлға аралық келіспеушілік болып табылады. Ол дегеніміз іс – әрекеттің мақсатына келіспейді, бірін-бірі түсінбейді, келіспеушіліктер әр түрлі себептердің салдары болуы мүмкін. Олардың негізгі үш тобын атауға болады.
1. Кәсіптік педагогикалық әрекетті мақсатқа жетуге кедергі келтіретін іскерлік.
2. Мінез – құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуі.
3. Педагогикалық процестерге қатысушылық мінезімен темпераменттік ерекшелігі негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушілік.
3. Ұжымдағы көңіл – күй, қоғамдық пікір, эмоциялық күш қуат, өзіндік ара қатынастардың деңгейін онда қалыптасқан әлеуметтік психологиялық ахуалмен анықталады.
Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әрекеттер-ДІҢ бірізділігінен түрады:
келіспеушіліктің алдын алу;
пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою;
келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шсічімін қабылдау;
келіспеушіліктің түйінін шешу.
Келіспеушілікті алтын алу кезінде сол адамның неге осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп басшысы қалыптасқан келіспеушілік ахуалға немқұрайлы карамауы ткіс, сондықтан ол ксліспеуші жақтарды ашық әңгімеге тартып қальштасқан жағдайды бірге талдап, талқылауы тиіс. Келіспеушілікті басқару кезеңінде басшы жеке әңгімелесіп, келіспеуші жақтарды алдағы кездесуге, араласуға психологиялық тұрғыдан дайывдауы тиіс.
Егер келіспеушілікті бастапқы кезеңінде келістіру мүмкін болмаса, онда оны шешудің тактикасы мен стратегиясы жасалуы керек. Оны мектеп директоры немесе оның орынбасарлары іске асырады, қажет болған жағдайда ұжымдық шешім қабылданады. Ол бойынша келіспеуші ұжым мүшслеріне біршама уақыт бір-бірімен араласпау немесе ол араласуды чгектеу туралы шарт қойылуы мүмкін. Кәсштік келіспешшіліктер енбек жағдайын, оқу-тәрбие процесін өзгерту, .мектеп жұмысының тәртібіне түзету енгізу арқылы реттеледі. Ая тұлғальтк сәйкессіздіктен туындаіан келіспеушілікті жою күрделі сииаг алады. Бұндай жағдайда басшы келіспеуші жақтарға өзге де пікірлердін өмір сүруін мойындататындай шешім қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |