31. Педагогикалық менеджменттің заңдылықтарын санамалап беріңіз Педагогикалық менеджмент



бет2/10
Дата19.12.2022
өлшемі34,92 Kb.
#58294
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
31-1

2. Ұйымдастыру:
Ұйымдастыру ұғымы бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, өткізілген сабақтың сыныптан тыс жұмыстың сапасын, тұтас оқу-тәрбие процесінің немесе оның бір бөлігіне берілген баға ретінде қолданылады. Екіншіден, мектеп басшыларының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының белгіленген жоспарды іске асыруға, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған, жалпы тұтас педагогикалық процесті басқаруды ұйымдастыру мағынасында қолданылады.
Сонымен, ұйымдастыру функциясы өзінің табиғатынан нақты жағдайда психологиялық-педагогикалық білімдерді шұғыл қолдана алуға негізделген практикалық қызмет түрі болып табылады. Ұйымдастыру қызметі қабылданған шешімдерді іске асыруға бағытталады.
3. Реттеу;
Бұл функция педагогикалық ұжымның, жеке жұмыскерлер мен қоғамдық ұйымдардың әрекеттерін қиыстыруды қарастырады. Сонымен қатар білім беру мекемелерін басқару кезінде жағымсыз құбылыстардың әсерін жою және жұмысты реттеумен де айналысады. Үйлестіру және реттеу функциясының міндеті – мұғалімдерді қорқытып, үркіту емес, қайта істің жағдайына әділ баға беріп, педагогикалық қызметті ынталандырып, оны қолдап және әдістемелік көмек беру болып табылады.
4. Бақылау және талдау ;
Бұған ұжымның барлық әрекет жағдайы мен нәтижелерін, қабылданған шешім мен ұсыныстардың, сонымен қатар құжаттардың орындалуын бақылау және бағалау жатады. Педагогикалық талдау басқару циклында ерекше орын алады. Бір-бірімен өзара байланысқан функциялар талдаудан басталып, талдаумен аяқталады. Мысалы жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу функцияларына талдау жасалмаса, ол логикалық қорытындыға жете алмайды.
5. Есеп жүргізу;
Басқару шешімдерін орындау барысында ағымдағы және қорытынды бақылау мен есеп жүргізе білу. Алдын-ала құрылған жоспармен қарастырылған іс-шаралар мен тапсырмаларды орындаудың сандық және сапалық көрсеткіштері ескеріледі. Есепке алудың мәліметтері шешім қабылдау, бақылау үшін қайталанады, сонымен бірге басқарудың жоғары тұрған органдарында жинақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет