32. Жогаргы жақ сүйегінде 16, төменгі жақ сүйегінде 16 тістен, ортадан оң, не солга қарай санасақ, 8



бет3/6
Дата08.05.2023
өлшемі43,79 Kb.
#90994
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
34-35-36-37 (копия)

Адам анатомиясы – адам денесінің құрылысын және мүшелері мен оның жүйелерінің құрылысын тіршілігі мен тарихи даму қызметіне байланысты тексереді. Өйткені, адамның әрбір мүшесінің құрылысы оның қызметіне тығыз байланысты. Адамдардың пайда болуы туралы идеалистер діни былай дейді – адам құдай құдіреті мен жаратылған, ал материалистер – ғылыми деректерге сүйеніп, адам тірі табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуынан пайда болған деп дәлелдейді.
Анатомия ғылымының салалары:

  1. Сипаттамалы анатомия – организмнің құрылысы мен пішінін сипаттайды.

  2. Топографиялық анатомия – адам денесіндегі органдардың орналасу тәртібінің өзара байланысын хирургиялық мақсатқа орай зерттейді.

  3. Мүсіндік (пластикалық) анатомия – адам денесінің сырт пішінін, оның мүшелерінің пропорциясын зерттейді.

  4. Функционалды анатомия – организмдегі органдардың қалыптасуын, еңбекке, жұмыс әрекетіне және сыртқы ортаға бейімделуін зерттейді.

  5. Динамикалық анатомия – адам денесіндегі тірек-қимыл аппаратының құрылысын зерттейді.

  6. Жас ерекшелік анатомиясы – адамның жасына қарай пайда болатын ерекшеліктерін, өзгерісін зерттейді.

  7. Антропологиялық анатомия – адам тегінің пайда болу жолындағы өзгерістерін зерттейді.

  8. Салыстырмалы анатомия – адамдар мен жануарлар арасындағы ерекшеліктері мен ұқсастығын зерттейді.

  9. Микроскопиялық анатомия – организмдегі органдардың ұлпалық, клеткалық (ұсақ) құрылыстарын препараттар арқылы тексереді.

Анатомия ғылымының зерттеу әдістері:

  • Аналитикалық-Өлік денесін кескілеу, инъекциялық, коррозиялық, мацерациялық, фиксациялау және микроскопиялық әдістер.

  • Кескілеу әдісі ертеден келе жатқан әдіс. Ол макропрепараттар жасауға, адам денесінің барлық мүшелерімен танысуға жағдай жасайды.

  • Иньекциялық әдіі тез қататын бояулы заттарды пайдалану арқылы өтеді. Сол бояулы сұйықтықпен қуысты органдардың іші толтырылып олардың пішіні құрылысы тексеріледі.

  • Коррозиялық әдіс өте нәзік және күрделі құрылысты органдардың құрылысын зерттейді

  • Мацерациялық әдіс өлік денесінің шірітіп, одан кейін қайнаған суға шаю арқылы сүйектермеден тұтас қаңқа жасауға мүмкіндік береді.

  • Фиксациялау әдісі тұтас денені, жеке органдарды бұзбай, ұзақ уақытқа сақтауға өолданады.

  • Микроскопиялық әдіс- анатомиялық зерттеу кезінде органдардың нәзік құрылысына байқау үшін микропрепараттар арқылы микроскоп аспабын қолданумен өтеді.



1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет