32. Жогаргы жақ сүйегінде 16, төменгі жақ сүйегінде 16 тістен, ортадан оң, не солга қарай санасақ, 8



бет6/6
Дата08.05.2023
өлшемі43,79 Kb.
#90994
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
34-35-36-37 (копия)

Күрек тістер - 8, олардың сауыты күрек тәріді, жүзі өткір алды дөңес. Үстіңгі күрек тістер тқменгі күрек тістерге қарағанда ірі болып келеді, олар тістеу, үзіп алу қызметін атқарады.
Үшкір тістер - әр қатарда екеуден күрек тістермен қатар орналасқан(4 тіс). Оның тic сауыты басқаларға қараганда үшкір, тубірі конус тәрізді.
Кіші азу тістер - үшкір тістен кейін орналасқан, адамда бұлардын саны сегіз. Кіші азу тістердің шайнау беттерінде екі төмпешіктен болады. Оның ішкісін тілдік төмпешік, бүйіріндегісін ұрт төмпешігі дейді. Бұл қос төмпешіктер саймен бөлініп тұрады.
Үлкен азу micmep - кіші азу тістен кейін орналасқан, жалпы саны 12. Tic сауытының пішіні шаршы тәрізді. Шайнау беттерінде төрт тқмпешігі бар. Бұл жағдай азу тістердің қызметіне, тамақты майдалауына байланысты.
Төменгі жақ тістері ішке иіле келсе, жоғарғы жақ тicтepi азырақ сыртқа қарай орналаскан. Осының нәтижесінде тістегенде тек ақыл тістер 6ip-6ipiнe тұспа-тұс болып келеді де, басқасы жапсарланып жатады.
Сілекей бездері - үш жұп болады: шықшыт, жақасты, тіласты. Олар өз аттарына сай жерде орналасады. Олардың шығаратын сөлдерін сілекей сөлі деп атайды.
Шықшыт безі (glandula рагоtis) сілекей бездерінің ішіндегі ең ipici,пішіні үш бұрышты, салмағы 30 грамга жетеді. Ол Tepi астында, құлак калканының алдынгы жағында шайнау етінің 6ipaз бөлігін жауып орналаскан. Бұл без сыртынан катты қапшыкпен капталган, онын өзегі ұрт етінен өтіп, жоғарғы екінші улкен азу тic тұсынан ауыз қуысына ашылады. Шықшыт безінің сілекей сұйыктыгы белокка бай. Сондыктан оны белок 6eзi деп те атайды.
Тіл асты безi (glandula sublingualaris) ауыз қуысынң кілегейлі қабатымен жабылып, тіл астында жатады. Салмагы бес грамм. Онын сілекей жолдары тіл астындагы қатпарга 10—12 майда тупкшелер аркылы ашылады.
Жақасты безі (glandula submandibularis). Салмагы 15 г. Ол жақасты етінің астында орналаскан. Осы жерден сілекей жолы басталып, ауыздын диафрагмасынан өтіп, тіл астына шыгады. Тіласты және жақасты сілекей бездері ауызга тускен тагам түрлеріне қарай қою немесе сұйық сілекей сөлдерін бөледі.
Ауыз қуысында уақталған, жұмсақталған тағам жұтқыншаққа өтеді. Жұтқыншақ - Мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан. Мұрын тұсынан, бас сүйегінің негізінен басталады да, IV мойын омыртқаның тұсында өңешке жалғасады.Жұтқыншақ мұрын, ауыз, көмей қуыстарымен шектеліп жатуына байланысты мұрын, ауыз, көмекей дейтін бөлімдерге бөлінеді.
Мұрын бөлігі – жоғарғы, мұрын қуысына тұтас келген күрделі құрылысты бөлігі. Ол хоана тесіктері арқылы мұрын қуысымен байланысып, ауыз қуысынан жұмсақ таңдай мен тілше арқылы бөлініп тұрады.
Ауыз бөлігі – орта бөлігі, ол көмей тесігі арқылы ауыз қуысымен жалғасып тұрады.
Көмекей бөлігі – төменгі бөлігі, жіңішкеріп барып өңешке жалғасып кетеді.
Өңеш- жұтқыншақ пен асқазанды жалғастырып тұратын етті түтік. IV мойын омыртқа тұсынан басталып, XI көкірек омыртқа тұсында асқазанға жалғасады. Ұзындығы 25см.Қабырғасы үш қабаттан түзілген: кілегей қабаты эпителийден түзілген, ет қабаты (көлденең, бірыңғай салалы ет), сыртқы қабаты (дәнекер тканінен тұрады).
Асқазан - ас қорыту жолының ең кеңейіп келген бөлімі. Ол диафрагма күмбезінің астында, құрсақтың сол жағында жатады, артында көкбауыр, қарынасты безі және сол бүйрек жатады.Оңға қарай бұрылып жіңішкеріп келген бөлігін пилорикалық, дөңес келген сол жағын үлкен иін, оң жағындағы ойыс келген жерін кіші иін деп атайды. Асқазан кіреберіс (кардиальды) бөлігінен, түбінен (фундальды), денесінен және шығаберіс (привратник) бөліктерінен тұрады.Сыйымдылығы 3 л, ұзындығы 25-30 см, ені 14 см.
Асқазан үш қабаттан тұрады: кілегейлі қабат, ет қабаты, сір (серозды) қабат.
Аш ішектер - асқазаннан басталып тоқ ішекке жалғасады. Ас қорыту жолының ең ұзын бөлігі, ұзындығы 5 м. Аш ішек үш бөлімнен тұрады: онекі елі ішек, ащы ішек, мықын ішек. Он екі елі ішек - қарынның шығаберіс бөлімінен басталады да оңға қарай иіліп, сәл төмен түсіп II бел омыртқа тұсында ащы ішекке ауысады. Ұзындығы 27-30 см.Онекі елі ішекке қарынасты безінің түтіктері ашылады, сондай-ақ өт жолының түтігі де келіп ашылады. Ащы ішек I-II бел омыртқа тұсынан басталып, бірнеше иірімдер жасап IV бел омыртқа тұсында аяқталады. Ұзындығы 5 м. Ащы ішек сір қабықшасымен қоршалған. Сір қабықшасының қабатталған жерінен шажырқай түзіліп ішек иірімдерін жасайды. Осы шажырқай арқылы қан тамырлары мен нервтер ішекке жалғасады. Лимфа түйіндері де көп.
Тоқ ішек-ас қорыту жолының соңғы бөлімі. Ол құрсақ қуысының оң жақ мықын бөлігінде аш ішектің тоқ ішекке қосылған жерінен басталып артқы анал тесігімен аяқталады. Ұзындығы 2,5 м, диаметрі 8-4 см.Кілегей қабатында түкшелер аз, бокал тәрізді бездер көп, сөл құрамында фермент аз. Тоқ ішек алты бөлімнен тұрады: соқыр ішек пен оның құрт тәрізді өсіндісі (аппендикс), өрлеме бөлігі, көлденең бөлігі, төмендеу бөлігі, қима (сигма) бөлігі, тік ішек.
Соқыр ішек жамбастың оң ойысында жатады, ені 5-6 см, ұзындығы 6-8 см. Бұл тоқ ішектің кеңейіп келіп, қайталанған бөлігі, сондықтан оны бүйен деп те атайды. Соқыр ішектің түбіне ұзындығы 2 см-ден,12 см-ге жететін құрт тәрізді өсінді (аппендикс) жалғасып жатады, ол ас қорытуға қатыспайды.
Тоқ ішектің өрлеме бөлігі көтеріліп келіп, бауырдын астынгы жағынан оңга иіледі де көлденен бөлімге ауысады. Көлденең жиекті ішек (colon iransversum) арт жағынан құрсак қабырғасына шажырқайымен беки отырып, сол жақтағы буйректің алдымен төмендеу бөлімше ауысады, төмендеген жиекті ішек құрсактың сол жақ қабырғасымен төмен қарай тусіп, сол жамбас ойысына дейін барады да, тоқ ішектің қима (сигма) бөлігіне (colon sigmoideus) ауысады. Ішектің құрылысы жағынан гректің көлденен жаткан сигма әрібіне ұксас келеді. Сол себептен бұл бөлігіне бекиді де сегізкөз тұсында тік ішекке ауысады, бұл ішeк бөлігінде нәжіс калыптасады, осыған байланысты қима iшек деп те аталады.
Тік ішек тоқ ішектің соңғы бөлігі, ол кіші жамбас қуысында орналасқан. Ұзындығы 16-18 см, диаметрі 4-5 см. Тік ішектің төменгі жағында ет талшықтары жақсы жетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет